Шыңғыс хан
Қан кешкен қарт тарихтың жүрегінен төгіліп түскен осынау жауһар дүние өз шалқарына батырып ала жөнелді. Дарқан даланы даңқ-дақпыртымен тербеген баһадүр бабамыздың асқақ тұрпаты, болмысы мен ерлік қиссасы – ұлт тарихының тамырлы тармағы емес пе?! Оның рухы қаншама жанның кеудесінде лапылдап жанды екен?!
Кейде бізге қордалы қазақ тарихының бір парасы Шыңғыс ханмен бірге жерленгендей көрінеді. Бейіті қай белдің қойнында қалғаны Құдайға аян! Белгілі суретші Мақсұт Жақановтың «Шыңғыс хан – әлемді дүр сілкіндіруші» картинасына қарап, ескі заманмен еншілес есті оқиғалар еске түсті.
Қараңызшы, Шыңғыс хан алқаракөк аспанда созылып жатқан түнерген бұлт пен дала пейзажы фонында бейнеленген. Бұлттардың арасынан шыққан күн сәулесі құла дала мен Шыңғыс ханның жылжып келе жатқан орасан зор әскеріне жарық түсіруде. Қолбасшы отырған кейіпте берілген. Терісі импасато техникасымен жасалған малақайы көрерменнің назарын өзіне тартады. Алтын түсті терінің ар жағындағы көлеңкеге Шыңғыс ханның қату жүзі жасырынған. Ол еріндерін жымқырып, назарын алысқа қадауда. Үлкен ой үстінде алабұртады. Суретші кенептің бос жерлеріне христиан храмының, қытай пагодасының, еуропалық қала үйлерінің төбелерін орналастырған. Ханның қасында жабайы аңнан гөрі үй жануарына көбірек ұқсайтын қасқыр жатыр.
Қасқыр демекші, қылқалам шеберлері өз кейіпкерінің қандай да бір қасиетіне назар аударту үшін символ ретінде аңды пайдаланады. Қасқыр – ежелгі моңғолдардың тотемі саналған. Моңғол аңыздарына сай, қасқыр – бұл көк хайуаны және олжа әкелуші. Көшпенді моңғолдар өздеріне орасан зор империя құруға көмектескен ұрыс тактикасын қасқырларды бақылай отырып жасағанын айтады.
Картинадағы түс символикасы да үлкен мәнге ие. Суретші картинаны екі бөлікке бөлген. Алдымен Шыңғыс ханның тұлғасын қызыл түспен ерекшелеп, содан соң көк түсті суық бояулармен шектеулі пейзаж жазған. Жалпы, қызыл түсті көбі қанмен және отпен байланыстырады. Қызыл бояу – жалындаған алауды, сол сияқты билікті әрі айбындылықты білдіреді. Ал көк түс – аспанды және мәңгілікті меңзейді
https://egemen.kz