Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайталанған дерт жаман

Қайталанған дерт жаман

Коронавирус індеті елімізге келгелі бері Қызылорда облысында инфекцияны жұқтырған 21 мыңнан астам науқас тіркеліп, оның 90 процентке жуығы емделіп шыққан болатын. Тіпті, түрлі вакциналар шығарылып, 9 миллионан астам отандасымыз екпе алып үлгерді.
Күз айларында індеттің беті қайтып, бір сәттерде «аурудан біржола құтылдық» деген алдамшы ойларға ерік бергеніміз жасырын емес. Алайда, жыл соңында вирус қайта өршіп, оның жаңа түрі «Омикрон» штамы Африка елдерінен тарай бастады. Америка құрлығы мен Еуропаның бірнеше елдеріне жылдам тарап, жыл басында ел астанасы мен Алматы облыстарында аурудың осы штамымен алғашқы науақастар тіркеле бастады. Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап, бүгінде еліміздің барлық дерлік облыстары қызыл аймаққа еніп, тек Түркістан облысы ғана сары аймақта қалып отыр.

Омикрон штамы туралы не білеміз?
Қараша айының соңында Оңтүстік ­Африкада анықталған «Омикрон» коронавирус штамы бұрынғыдан мүлдем өзгеше. Зерттеулерге сүйенсек, оның жұқпалылығы өте жоғары екендігі, сондай-ақ оның «дельтаға» қарағанда оңайырақ өтетіндігі белгілі. Кейбір ғалымдар бұл симптомның иммунитеті әлсіреген адамда тез тарайтынын айтады.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа штамның белгілері бұрынғы мутациялық коронавирус түрлеріне ұқсамайды. Мәселен, Оңтүстік Африка медицина қауымдастығының айтуынша, омикрон штамының басты белгісі – бас ауруы мен дененің құрысуы. Сонымен бірге, жоғары температура, әлсіздік, жөтел, гипермнезия (есте сақтау қабілетінің бұзылуы), балаларда бөртпелер шығу секілді ауру түрлері де осы омикронның негізгі белгілері ретінде аталып келеді.
«Омикрон – қауіпті» Гонконг университетінің медицина факультетінің ғалымдары да зерттеу жүргізіп, осындай байламға келген. Себебі, жаңа штам бастапқы және алдыңғы штамдарға қарағанда 70 есе жылдам тарайтыны анықталып отыр.

Облыстағы эпидемиологиялық ахуал қандай?
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті таратқан мәліметтерге сүйенсек, соңғы тәулікте 399 «COVID-19» жұқтыру жағдайы тіркелген. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі, яғни 247 жағдай қала орталығында тіркелсе, аудандар ішінен Жаңақорған, Шиелі, Қазалы аудандары алғашқы орындардан табылып отыр. Бұл әрине мақтанатын жағдай емес. Керсінше аталған аудандарда екпе жұмыстарын күшейту қажет екендігін көрсетеді.

Аудандағы эпид-ахуал жайында сала мамандары сөйлейді
Өткен дүйсенбіде Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында ауданаралық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Мұсағалиева және Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада ­Айтекеева аудандағы ахуал туралы баяндама жасады. Гүлзада Айтекееваның айтуынша, ауданда жыл басынан бері 159-дан астам адамнан індет жұқтыру дерегі тіркелген. Оның басым бөлігі кентте тіркелсе, Ақмая, Бидайкөл, Байгеқұм ауылдарында эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенгені байқалады. Бұл өткен апта басындағы деректер. Ал соңғы мәліметтерге сүйенсек, 5 күннің ішінде ауру жұқтырғандар 159-дан 220 жағдайға күрт артып кеткен. Бір тәуліктің өзінде 30-дан астам індет жұқтыру дерегі анықталған жағдайларда бар. Сондай-ақ, тағы бір айта кететін мәселе, жыл басынан бері індет балалар мен жүкті әйелдер арасында жиілеген. Сондықтан, СЭС басқармасының басшысы аудан тұрғындарын індеттен сақтанып, маскалық режимді ұстануға, жиын-тойлардан аулақ болуға шақырды.
Ал, Бақтыгүл Мұсағалиева ауданда төсек орындарының жеткілікті екендігін, дәрігерлердің науқастарды қабылдауға толықтай дайын екендігін айтты. Аудандағы індеттің таралуы жайында ол былай: «12 қаңтардан бастап коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарды қабылдауға 40 төсек орын жабдықталған. Қазіргі таңда 20-дан астам төсек орындарда балалар мен жүкті әйел ем қабылдауда. Дегенмен, коронавирустың бұл түрі жеңіл өтетіндіктен ем қабылдау мерзімі 7-8 күнге ғана созылуы мүмкін. Тағы бір артықшылығы, омикрон көп жағдайда өкпені емес, жоғарғы тыныс жолдарын ғана зақымдайды. Әйтсе де, аудан халқын жауапсыздық танытпай, сақтық шараларын сақтауға шақырамын», – деді.

Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы №1, №2 қаулысы
Елдегі және облыстағы эпидемиялогиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулы жариялаған болатын. Қаулының толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.
Қаулығы сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан кинотеатрлардың қызметіне шектеу қойылмайды
Сондай-ақ, 1) Алдын-ала жазылу ­бойынша сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсетілетін орындардың қызметіне;
2) Жексенбіден басқа күндері жабық базарлардың жұмысына;
3) 80%-дан асырмай толтырғанда халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, санаторий курортық ұйымдар, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б) жұмысына;
4) Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің және банкет залдары жұмысына;
5) Мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша келушілерге қызмет көрсетуге;
6) Асханалар, қоғамдық тамақтану объектілеріне 2022 жылдың 20 қаңтарынан бастап 24:00-ге дейін жұмыс істеуге;
7) 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап йога-орталықтарды қоса алғанда спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтарға және де жексенбіден басқа күндері «Ashyg» жасыл мәртебесі бар адамдарға сауна, бассейндерге кіруге;
8) Сенбі, жексенбіден басқа күндері СПА-орталықтардың жұмысына;
9) Жексенбіден басқа күні СОО, сауда үйлерінің жұмысына;
10) Азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер, дүкендер, шағын маркеттер жұмысына, орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Білім беру ұйымдарының жұмыс жоспары мынадай
1)Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды.
2) 600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептерде – толыққанды штаттық форматта.
3) 600-ден астам оқушысы бар мектептерде штаттық форматта оқыту кезінде толымдық жобалық қуаттың 50%-ынан аспауы тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4 сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады.
4) 5-11 сынып оқушыларына келер болсақ, мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, ауысымдар мен ішкі ауысымдардың жұмысын ұйымдастыру, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтініштерін ескеру ұсынылады.
5) Мектептерден тыс ұйымдардағы оқу: жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) – жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде жүргізіледі.
6) Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
25 қаңтар 2022 ж. 261 0