Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмауға қарсы банан смузиі

Тұмауға қарсы банан смузиі

Бананның пайдалы қасиеттерінің бірі – тамақтың ауырғанын басуы. Зімбір вирустармен күреседі және иммунитетті көтереді. Куркума антиоксиданттық және қабынуға қарсы қасиетке ие.
Шығыс медицинасында куркуманы «табиғи аспирин» деп те атайды. Ал оның қара бұрышпен үйлесімі куркуманың пайдалы қасиеттерін бірнеше есеге арттырады. Себебі қара бұрыштың құрамында пиперин деген зат бар. Бұл ингредиенттердің қосылысы иммунитетті көтереді және ауырсынуды басады. Бұл қоспа сондай-ақ ас қорыту жүйесіне жағымды әсер етіп, зат алмасуды жақсартады, қысымды реттейді және жүйке жүйесі жұмысына оң әсер етеді.
Бұл пайдалы смузиді дайындауға қажетті ингредиенттер:
- Банан;
- Зімбір;
- Бал;
- Куркума;
- Қара бұрыш;
- Су немесе сүт.
Алдымен банан мен зімбірді тазартып алыңыз. Блендер ыдысына туралған банан мен зімбірді, 1 шым шым қара бұрыш және 1 қасық бал салыңыз. Барлық ингредиенттер мөлшерін өзіңіздің дәмдік талғамыңызға қарай таңдаңыз. Смузидің қоюлығын реттеу үшін суды аз-аздан құйып, блендермен араластырыңыз.

https://massaget.kz​​​

22 қыркүйек 2021 ж. 246 0