Танымал қазақстандық композитор, музыкант Яков Хан дүниеден өтті. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. “Өкінішке қарай, COVID адамдардың өмірін қиюды тоқтатқан жоқ. Бүгін біз тағы бір керемет азаматымыздан айырып қалдық. Яков Ханның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Әйгілі сазгер, джазмен өзінің артына қаншама шығармаларын мұра етіп қалдырды”, – деп жазады Балаева.