Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлық өңірде Құран хатым оқылды

Барлық өңірде Құран хатым оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өлі­міне әкеп соқтырған қай­ғылы оқиғаға байланыс­ты 29 тамызды Жалпы­ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай кеше еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды. Бас мүф­ти бастамасы негізінде жү­зеге асқан игі іске еліміздің бар­лық өңіріндегі құл­шылық ор­да­лары бірыңғай үн қосып, жер­гілікті уақыт есебі­­мен сағат 10.00-де бір мезетте Құ­ран оқылып, қазаға ұшы­раған мар­құмдардың рухына бағыш­талды.
Еліміздің бас мешіті – «Әзірет Сұлтанда» өткен сауап­ты шараға ҚМДБ төр­ағас­ының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар арнайы қатысып, Құран хатым дұғасын жасады. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен жамбылдық жер­лестерімізге сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.
Айта кетейік, бірнеше жан­ның өмірін жалмап, айна­ла­сын отқа ораған қайғылы оқи­­­ға орнына қазіргі уақыт­­та еліміздегі барлық өкіл­діктің ұйым­дастыруымен гумани­тар­лық көмек жеткізіліп жатыр.


​https://egemen.kz​​​
30 тамыз 2021 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30