Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер коронавирус кезінде кондиционерді қолданудың қаупі туралы айтты

Дәрігер коронавирус кезінде кондиционерді қолданудың қаупі туралы айтты

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі штаттан тыс бас маманы, профессор Владимир Чуланов пандемия кезінде үйді табиғи желдету кондиционер жүйесінен қарағанда әлдеқайда жақсы екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Адамдар көп жиналатын жерлерде COVID-19 таралу қаупін азайту үшін сплит жүйелерін, яғни бөлмеге қоятын кондиционерлерді пайдалануды азайту керек.
"Адамдар көп жиналатын жерлерде (дүкендер, мәдениет мекемелері, білім беру мекемелері, медициналық ұйымдар, қоғамдық көлік және т.б.) жаңа коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту үшін бөлмеге қойылатын кондиционерлерді (сплит-жүйелер) мүмкіндігінше табиғи желдетуге ауыстырып, азайту керек", - дейді Чуланов.
Кондиционерлер жұмысы кезінде сыртқы ауаны жинамай ауа массаларының айналымы жүреді. Бұл ауа алмасу жиілігінің төмендеуіне әкеледі, бөлмеде ұсақ бөлшектердің жиналуына және таралуына ықпал етеді. Сондай-ақ, инфекциялық аэрозольдің жоғары концентрациясын сақтайды.
Оның айтуынша, табиғи желдетуді пайдалану және үй-жайларды үнемі желдету ауадағы вирустық бөлшектердің концентрациясын және COVID-19 жұқтыру қаупін азайтады.
https://stan.kz​​​
26 тамыз 2021 ж. 210 0