Өзіңізді және өз жақындарыңызды қорғаңыз!
Жылыту маусымы басталған кезеңде улы газбен уланумен байланысты жазатайым оқиғалар жиілеп кететіні белгілі. Мұндай жағдайлардың себебі мұржалар мен желдету арналарының бітелуі және осыған сәйкес пештің тартпауы салдарынан ел арасында «үнсіз өлтіруші» аталып кеткен улы газ мұржа арқылы шықпай, бөлме ішінде таралуы,мұржада және желдету каналдарында тарту күшінің болмауы улануға әкелуі мүмкін.
Айта кететін басты мәселе көпшілік тұрғындар газ пайдалану ережесіне газ мамандары жауапты деп санайды,ол өте қате ұғым, газды әр бір тұтынушы тек дұрыс пайдаланғанда ғана қауіпсіз екенін үмытпаған жөн.Жеке тұрғын үйлердің иелері мұржалардың жарамдылығын тексеріп,қажет болған жағдайда жаңасын ауыстыру қажет. Көбінде күз-қыс айларындағы жауын-шашындардаң әсерінен мұржалардың тотығуы, шіруі және майысуы жылу маусымында пештердің тартылу күшіне кері әсерін тигізіп апаттық жағдайларға соқтыруы мүмкін.
ҚР-ның 2012 жыл 9 қаңтардағы №№ 532-ІV«Заң және газбен жабдықтау» заңының 30 бап 4 тармағында,«Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті»-деп көрсетілген.
Ақауы бар газ құралдарын пайдалану арқылы Сіз тек өзіңізге емес, сонымен қатар жақын туыстарыңыздың да өміріне қауіп төндіретініңізді ұмытпаңыз!
Сонымен қатар, ҚР-ның ІІМ-нің 09.10.2017 жылғы №673 бұйрығының 288, 292 бап9 бөліміне сәйкес,газ және газ қалдықтарынан улану салдарының алдын алу мақстында, жеке тұрғын үйлердің жылыту пештері мұржалары мен желдеткіш (булық) арналарының техникалық жағдайын «Алау ГазАймақ» ЖШС-гі осы жылдың 15 тамыздан бастап аудан көлемінде тексеру және тазалау жұмыстарын жүргізетінін хабарлаймыз.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
ҚӨФ Шиелі аудандық газ шаруашылығы