Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеді

Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеді

Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9 пайызға төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"1 тамыздан бастап Қазақстандағы коронавирустың таралу индексі 9 пайызға, 1,11-ден 1,01-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 1-ден, ал Алматыда R саны 19 пайызға төмендеді. Күнделікті мониторингке сәйкес өңірлер шегіндегі төсек-орын жүктемесі осы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 328 медициналық нысанда 55 658 инфекциялық төсек-орынды құрайды. Республика бойынша жүктеме 54 пайызды құрап отыр. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орын саны 4 969-ды құрайды, жүктеме 45 пайыз", – деді министр.
Оның атап өтуінше, елдегі эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайға әзірленген тағы 7 419 инфекциялық төсек-орын бар. Қазіргі таңда елдегі төсек орындардың тең жартысы бос емес. 
"Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында – 69 пайыз, Ақтөбе облысында – 65 пайыз, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында – 63 пайыз", – деді Алексей Цой.


https://stan.kz
11 тамыз 2021 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31