Ұлт тәрбиесін ұмыт қалдырмайық
21 ғасыр толеранттылар дәуірі дейміз. Шындығында, қазіргі таңда, әлеуметтің ортақтасқан әлеуметтік желісі жаппай ойына келгенді жасап, жария қылушылардың платформасына айналды. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы, әлбетте. Дей тұрғанмен, білгенін істегеннен «пәлендей ұлттың тағдыры құрдымға кетпей ме?» деп қорқамын. Әңгіме ЛГБТ өкілдері жайлы болмақ.
Балалар тикток платформасынан ауызға іліп алған симпл-димпл, поп ит, сквинж атаулары сізге таныс болар? Иә, иә, сол вирус ойыншықтар небәрі бірлі-жарым ай ішінде дүние жүзіне миллиондаған көшірмесімен таралып үлгерді. Қазір екінің-бірінің қолынан көретін бұл антистресс ойыншықтарын көруге болады.
– Дөңгелектерді саусақпен басқанда дыбыс шығады. Сол арқылы антистресс ретінде де жүйкені тыныштандыруға көмегі тиеді дейді тұтынушылар.
Бір қызығы, поп ит ойыншығының ең сұраныстағы түрлі түсті үлгісі ЛГБТ өкілдерінің туының түсін еске салады.
Бұл кездейсоқтық емес, кәдімгі маркетинг болуы әбден мүмкін. Алғашында бір түсті болып шығарылған ойыншықтар кейін көздің жауын алар түсті үлгілерін жаппай сатылымға шығарды. Қызығы сол дәл сол үлгіні сатып алушылар саны өскенін айтады сатушылар. Қаншама баланың көзіне үйреншікті болып, санасын улау арқылы ұлт тәрбиесінде кереғар келер ме деп, біз неге үрейленбейміз?
Соңғы кезде ҚР-да отбасы құндылығы айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Біржыныстылар некесі дегенді естігенде қаны басына шауып, намысын жоғары қояр біздің қоғамда да ЛГБТ қауымдастығының бой көрсетуі жиіледі. Әлеуметтік желі қалыптастырып, отырған мұндай көріністен кейін қоғамда оларды мойындау деңгейі артып келе жатқанын байқауға болады, бұл біртіндеп оларға деген төзімсіздікті қарсы пікірімізді төмендетеді. Өзге де дамыған Еуропа елдерінің көпшілігі ЛГБТ өкілдерін қолдайтындардың үлесі бізге қарағанда әлдеқайда көп. Қазақы менталитетіміз ЛГБТ өкілдерін қабылдап қойып, қарап отырмас. Ал жас сананың улануы дүйім бір ұлттың ұсақталуына жетелейді ме деп қорқамын.
Ватсап желісіне тіркелушілер сауалнамасына жынысыңыз деген көрсеткішке бейтарап деген жаңа бір функция қосылған екен. ЛГБТ қауымдастығына арнайылап статус енгізгені мен үшін күтпеген жаңалық болды. Инстаграмм желісінің тұрақты тұтынушылары көрген болар арнайы сториз салғанда белгілейтін стикерлердің ең жиі қолданыстағылары да ЛГБТ өкілдерін қолдау мақсатында шығарылған екен. Бірі біліп, бірі білмей қолданып жүрген санасы жас жеткіншектер өзінің қалай қолдаушылар қатарынан табылғанын аңғармай да жүр-ау. Алғашында жәй қызық үшін қолданып, кейін көз үйреніп, құлаққа жатталғасын кейін шын жақтаушылардың қатарынан табылмас па деп қорқам.
Біздің қазақ халқының ерекшелігі баланы жастайынан жынысына қарай бөлек-бөлек тәрбиелеуінде.
Психо-аналитик, психолог Зүбайда Кененбаева бала екі, екі жарым жастан «мен кіммін» деген сұраққа жауап іздей бастайды, – дейді.
– Қазіргі әкелер жұмыстан қолдары босай бермейтіндіктен дәл осы сұрақтың жауабын беретін кезде баланың жанынан табылмайды. Сондықтан әйел тәрбиесін көрген ер бала қыз мінезді болып өседі. Өйткені әйел баланы тым еркелетіп жібереді. Содан ерке бала болып өседі. Оның үстіне балабақшада, мектепте де негізінен әйел заты жұмыс істейді. Ер баланың тәрбиеленетін ортасында әйелдің көп болуы оның тәрбиесіне кері әсер етеді. Билік әйелде екенін байқаған бала әкесінен емес, анасынан үлгі алатын болады.
Біз көбіне «неге ер адамдар ұсақталып кетті?» деген сұрақтың жауабын іздейміз. Міне, ер адамның ұсақталып, өзіндік міндетін атқарудан қалып бара жатқанының себебі осында.
Тағы бір айта кететін мәселе, әкенің бала алдында беделді, сыйлы болуы анаға байланысты. Әкеден сескенуді, ер мінезді болуға баулып тірлікке ерте жастан араластыруы ертеңгі жігіттік болмысын қалыптастыруына көмектеседі. Ер баланы жоғары қойып, ертеңгі отбасы тірегі екенін есіне салып отырған абзал. Сол кезде бала жауапкершілікті сезінетін болады.
Ата-ана баласының алдында бір-бірінің абыройын түсірмеулері керек. Керісінше үлгі қылып, бала өз ата-анасына қарап ертеңгі болмысын қалыптасыруы қажет. Сондықтан қазақ «Еркек мінезді әйелден, әйел мінезді еркектен без» деп еркекте еркектік, әйелде әйелдік қасиет болуын дәріптейді.
Арайлым Өтепова