Шымкентте әскери-эстафета өтті
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында әскери-спорттық эстафета өтті.
Іс-шараның бастамашысы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі болды.Спорттық мереке жеке құрамның жалпы сапынан басталды, алғашқы сөзді әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Орынбасар Жұбанов сөйледі.
Біздің бейбіт аспанымыз, ардагерлеріміздің еңбегі. Олар ұрпақтарына бейбітшілік сыйлау үшін иықтарында өте үлкен ауырлықты көтерді. Біздің міндетіміз – оны сақтау үшін бәрін жасау. Сондықтан әрбір әскери қызметшінің борышы – әскери істе пайдалы болатын нәрселерді үйрену, - деп атап өтті ол.
Жеңіске алты команда таласты. Эстафетаның кезеңдері: жүгіру, граната лақтыру, гір теуіп жүгіру, пневматикалық мылтықтан нысананы ату, зембілде жаралыларды тасымалдау және жүк көлігінің дөңгелегін көшіру.
Мұндай әскери-спорттық жарыстар жеке құрамның дене дайындығы деңгейін арттыруға және әскери ұжымдарда бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
https://baq.kz