Ғарышты бағындырған үш қыран

Қазақтың ең алғашқы, КСРО-ның 72-ші, әлемнің 256-шы ғарышкері Тоқтар Әубәкіров – бірнеше рет рекорд орнатып, Гиннесің рекордтар кітабына да енген. Ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізген.
Сондықтан, тек бір нүктеден көз алмау керек. Көзің тайды екен қона алмайсың, я апатқа ұшырайсың. Кемеге қонған кезде ғана оның үлкен екенін сезінесің. Менің басымнан да бірнеше жағдайлар өтті. Төрт рет «секір» деген бұйрық түсті, ұшып келе жатқанда кенет мотор тоқтап қалған кездер де болды, басқаратын руль қатып қалды және тағы басқалар».
Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан үш рет ғарыш әлемін бағындырды. Ол ғарышта ең алғаш рет 1994 жылы 126 тәулік, 1998 жылы Екінші сапарында 208 тәулік және 2001 жылы жасаған соңғы сапарында 8 тәулік болған. Бұл – ғарышта болу ұзақтығы бойынша қазақ ғарышкерлері арасындағы тұңғыш рекордтық көрсеткіш болып саналады. Сонымен қатар, Талғат Мұсабаев әлемнің ең алғашқы ғарыш туристі Денис Титомен бірге ұшқан экипаж мүшесі ретінде және осылайда әлемде тұңғыш рет ғарышқа туристік сапарға жол ашқан ғарышкер ретінде ғарышты игеру тарихында қалған тұлғалардың бірі. Талғат Мұсабаев – ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан тұңғыш қазақстандық ғарышкер. Ол ғарыш станциясынан тыс ашық ғалам аясында жалпы мерзімі 41 сағат 21 минут болған. Гиннестің үздік табыстар кітабына бір айдың ішінде 5 рет, барлығы 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны үшін есімі айшықталып жазылған.
Осындайда ғарыштағы бір қызық оқиғаның есіме түсіп отырғаны: экипаждағы жалғыз қазақ болған соң, шетелдік әріптестеріме өзіме деп апарған тағамдардан дәм ұсындым. Құрттың жасалу жолы жөнінде кеңінен әңгімелеп, кейіннен «ауыз тиіңіздер» дегендей ишара білдірдім. Қызық, алғашында өзге ұлттың тағамы болғасын, әрі бұрын-соңды естіп-білмегесін бәрі үрке қарағандай кейіп танытты. Арада біраз уақыт өтті, құртты ерекше сүйсініп жегенімді көрген олар көп ұзамай: «Бізге де берші» деді. Біреу, екеу, үшеу… Тоқтайтын түрі жоқ. Ара-тұра өз тілдерінде: «Мынау қандай дәмді тағам, ә? Қанша жыл өмір сүріп, осының дәмін қалай татып көрмегенбіз?» дегендей сұрақ қоятындары бар. Сөйтіп жүргенде ауылдың дәмі деп апарған құртым да таусылуға жақын қалды. «Енді ешкімге бермеймін, жерге қонғанға дейін біраз уақыт бар». Қызық болғанда, қайдан үйренгенін білмеймін, бір күні шетелдік ғарышкердің жаныма қалықтап келіп, қазақшалап «Айдын, құрт бар ма?» — дегені бар. Сондағы таңғалғаным-ай. Әлгі жігітке біреуін ұстатпасқа амалым қалған жоқ. Бұл сәт ешқашан есімнен кетпейді деп ойлаймын.
Әзірлеген
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ