Табысты адамдар керісінше жасайтын 11 әрекет
«Эмоциялы парасат» бестселлерінің авторы доктор Тревис Бредбери Fortune 500 тізіміндегі компания басшыларының мінез-құлқы мен әдетін зерттеп, табысты адамдар басқаша жасайтын әрекеттер тізімін жасады.
Доктор Бредберидің пікірінше, біздің табысқа қол жеткізе алмауымыздың себебі бойымыздағы зиянды әдеттерге немесе еңбекке қабілеттілігімізден бұрын, уақыт тапшылығына байланысты.
Уақыт – әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капитал. Томас Эдисон
Табысты болу үшін, күндіз-түні жұмыстан бас алмай еңбектенудің қажет жоқ. Тек ақылмен еңбектене білсеңіз болғаны. Табысты адамдар бұл қағиданы білетіндіктен, өмірінің әр минутының жемісін көруге тырысады. Fortune 500 тізіміндегі компания басшылары мен топ-менеджерлерінің мінез-құлқын зерттеген Бредберидің пікірінше, олардың табысқа бастайтын әдеттерін бойға сіңіру қиынның ісі емес.
Бірден атқаруға болатын істі кейінге қалдырмаңыз
Ұстап жүрген телефонымыздағы қоңырауды тоқтатып қоюға мүмкіндік беретін қызмет түрін білетін боларсыз? Тоқтатамыз да, өзге шаруаларымызға ден қоямыз. Міне, осы тәрізді әрекет маңызды істеріңізде көрініс таппауы тиіс. Егер қандай да бір хатты оқу не әлдекімге қоңырау шалу, немесе кішігірім қиындықтың шешімін табу қажет болса, сол мезетте-ақ атқарғаныңыз жөн. Тіпті болмаса, қол астыңыздағы қызметтерге тапсырыңыз. Бірақ істі тежемеңіз, кейінге қалдырмаңыз.
Ертеңгі жұмысқа бүгін дайындалғайсыз
Табысты адамдар ертесі күні атқарылуы тиіс міндеттер жоспарын бір күн ілгері құрады. Бұл әдет тиімділігінің екі қыры бар: бүгінгі күніңізді ой елегінен өткізіп, өзіңізге есеп бересіз әрі ертеңіңіздің де табысты боларын білесіз.
Ең күрделі, жаныңызға жат істі бірінші ретте қолға алыңыз
Ағылшын тілінде «to eat frogs» деген тіркес бар. Яғни жағымсыз жұмысты бірінші кезекте атқарып, мұнан кейін ғана көңіліңізге ұнамды, шабыттандыратын істі бастаңыз.
Шұғыл атқарылуы тиіс міндеттермен күресе біліңіз
Әдетте шұғыл атқарылуы тиіс міндеттер аса маңызды істердің жүзеге асуын тежеп, кедергі жасайды. Табысты адамдар мұндай кедергілердің шешімін лезде табуға не шетке ысыруға, қызметкерлерге тапсыруға тырысады.
Жиналыс уақытында жоспардан ауытқымаңыз
Ұзын-сонар жиналыстардың қашан да уақытымыздың басым бөлігін алатыны рас. Егер жиналыс ұйымдастыру қажеттілігі туындаса, алдын ала жоспар құрып, жоспарыңызға мығым болғаныңыз абзал. Керісінше жағдайда, жиналыстың ұзаққа созылып кетуі мүмкін.
«Жоқ» деңіз
«Жоқ» - табысты адамдардың сөздік қолданысында жиі ұшырасатын маңызды сөз. Көптеген адам «Нақты білмеймін» немесе «Мен білмеймін» тіркестерін аталған сөзбен алмастырады. Егер сенімсіз болсаңыз, бірден бас тартқаныңыз жөн.
Поштаңызды тексеруге арнайы уақыт арнаңыз
Біз жазудан жалықсақ, сіз оқудан мезі боласыз. Тағат таппастан үнемі поштаңызды тексеру артық уақытыңызды алады. Поштаңызға әйеліңіздің босанғаны немесе күйеуіңіздің ауруханаға түскендігі жайлы хат жолданбайтыны анық. Демек келіп жатқан хаттардың айтарлықтай маңызды, шұғыл болмағаны. Сондықтан поштаңызды күніне бірнеше рет белгілі уақыттарда ғана тексеруге дағдыланыңыз.
Бірнеше міндетті мойныңызға алмаңыз
Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, бір уақытта бірнеше мәселені шешу – ерекше болғанымен, тиімсіз әдіс. Аз уақытта көп іс тындыруға ұмтылатын жандар осы әдіске жүгінеді. Ал, шын мәнісінде, қолға алған ісі көп, ал жүзеге асқаны – саусақпен санарлық.
Ойыңызға тыным беріп, миыңызды жұмыстан босатыңыз
Телефон нөміріңізді тек сенімді адамыңызға беріп, шұғыл араласуыңызды талап ететін жағдайларда ғана қоңырау шалуын сұраңыз. Миыңызды жұмыс жайлы ойдан босатып, тынықтыру ағымдағы мәселелеріңізге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Жұмысыңызды өзгеге тапсыра біліңіз
Табысты адамдар өзінен өзге де ақылды, дарынды адамдар бар екендігін мойындай біледі. Сондықтан өзгелерге қалтқысыз сенуге үйреніп, өз ісін табыстай алады.
Технологияларды қолданыңыз
Жұмыс не сабақ кестесін күнтізбеге енгізу үшін уақыт жұмсаудың қажеті не? Технология күн санап даму үстінде. Неліктен оларды дұрыс әрі тиімді қолданып, жұмысымызды жеңілдетпеске?
Аталған тақырып күні бүгін ғана көтерілген емес. Қай заманда да адамдар көкейінде сансыз сауал туындатқан. Десе де табысты адамдардың құпиясын білсеңіз, пікір қалдырып, ойыңызбен бөлісіңіз. Бәлкім, дәл сіздің пікіріңіз талай жанға қанат бітіріп, арманына жол ашар
massaget.kz