Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғақтың пайдасы

Жаңғақтың пайдасы

Жаңғақтың дене үшін пайдасы санап бітіре алмайтындай дәрежеде өте көп. Калий, магний, фосфорға өте бай. Құрамында жоғары мөлшерде протеин және Омега-3 элементі бар. Жаңғақ әсерлі колория, протеин, талшық, витамин және минерал көзі. Жаңғақ дәнінің беткі қабатының қыртыстары мидың көрінісіне ұқсайды. Күніне 1-2 дана жаңғақ жеу, ми саулығы мамандары тарапынан табандылықпен ұсынылуда. Төменде жаңғақтың кейбір пайдалары тізбектелді:
♦ Зейін бытыраңқылығын (шаршағанын) кетіреді.
♦ Сүйек және тістерді қуаттандырады.
♦ Денеге қуат береді.
♦ Туберкулезден қорғайды.
♦ Тамыр қатаюының алдын алады.
♦ Қан айналымын жақсартады.
♦ Іш өтуін тоқтатып, теріні тазалайды.
♦ Сүйелдерді кетіреді.
♦ Асқазандағы желді кетіреді.
♦ Тұмауға жақсы әсер етеді.
♦ Жөтелді тоқтатады.
♦ Шаршағандықты және әлсіздікті кетіреді
♦ Ісік қалыптасуына бөгет болады.
♦ Қан қоюлануының алдын алады.
♦ Ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді.
♦ Өкпеге, асқазанға және миға қуат береді.
♦ Ойлау қабілетін дамытады.
♦ Жүректі қуаттандырады.
♦ Қанды тазалайды.
♦ Холестериннің азаюын қамтамасыз етеді.
♦ Қалыпсыз антиденелерге бөгет болады.
♦ Жүйке жүйесін қуаттандырады.
♦ Бауырдың фукцияларын реттейді.
♦ Қант диабеті науқастары үшін өте маңызды болған инсулинді арттырады.
♦ Жаңғақтың майы асқазан және ішектерді тазалайды, жұмсақ болуын қамтамасыз етеді.
♦ Жаңғақтың майы беттегі дақтарға жағылып, массаж жасалса кетеді.
♦ Балмен араластырылып желінген кезде суық тиген асқазанға жақсы әсер етеді.
♦ Жаңғақтың жапырақтарынан алынған юглон элементі, фармокологияда қан тазалаушы және қуат беруші ретінде қолданылады.
♦ Жаңғақтың жапырақтары және қабықтары қайнатылып, балмен араластырылып ішілсе, қан аздығына жақсы әсер етеді. Қорытылуы қиын болғандықтан бауыры ауыратындар жаңғақ жемеуі керек.

https://bilim-all.kz/

25 ақпан 2021 ж. 278 0