Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Әдеп жөніндегі уәкілдермен онлайн семинар өтті

Әдеп жөніндегі уәкілдермен онлайн семинар өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен аймақтағы Әдеп жөніндегі уәкілдерге әдістемелік онлайн семинар өтті.
Семинар барысында департамент басшысы Нұрман Талқанбаев карантин кезеңінде мемлекеттік қызметшілер арасында орын алған келеңсіз жағдайларға тоқталды.
«Әрбір мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынас барысында жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстануы тиіс. Аталған талаптар интернет сайттары мен әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде де қатаң сақталуы қажет», - деді Н.Талқанбаев.
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын және үстеме жұмыс фактілерінің орын алмауын мониторингтеуді және бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатын жеткізді.
«Биылғы жылдың І-тоқсанында облыста 149 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 фактіге көбейген. Ал, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактілері 4,5 есеге азайған. Өткен жылы 14 болса, биыл 3-еу. Әдеп нормаларын бұзушылықтар Қазалы, Шиелі аудандарында орын алған», - деді Б.Байхожаев.
Айта кету керек, Қызылорда облысында мемлекеттік органдарда 32 лауазымды тұлға Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін жүзеге асыруда. Оның ішінде, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі дербес лауазым иесі болып табылады.
Әдеп жөніндегі уәкілдер өз құзіреті шегінде консультативтік көмек көрсетеді, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.


ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі
25 мамыр 2020 ж. 55 0

Қоғам

Ақ халатты Ақтоты

08 шілде 2020 ж.

Әлемі бөлек Әшімхан

08 шілде 2020 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (8804)

08 шілде 2020 ж.

№50 (8803)

04 шілде 2020 ж.

№49 (8802)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам