Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушының сабаққа деген ынтасын қалай оятуға болады?

Оқушының сабаққа деген ынтасын қалай оятуға болады?


Дейтұрғанмен баланы жақсы баға алуға талпындырып, баптап отыру керек. Әсіресе, каникулдардан кейін балалардың сабаққа етене араласып, оқу процесіне тез бейімделуіне ықпал ету керек. Бұл уақытта оқушылардың сабаққа ынтасы бола қоймайды. Бірі демалыс атмосферасынан шыға алмай жүреді, бірі сабақ режиміне дайын болмайды. Мұндайда көбіне ата-ананың баламен жұмыс істегені жөн. Бірақ мұғалім де оқушының талпынысын оятуға, жалықтырып алмауға жауапты. Сондықтан сабақта қосымша стимул беретін әдістерді, ойындарды қолдану керек. Математиктер жиі қолданатын әдіс – "Бинго". Мұнда классты екі топқа бөліп жарыстырамыз. Әр топтан бір-бір оқушы тақтаға шығады. Тақтада 50 шақты қайталанбайтын сан, шама, формула жазулы тұрады. Соған қарап мұғалім тапсырма оқиды, екі оқушы оны ойша есептеп, тақтадан дұрыс жауабын тауып белгілеуі керек. Осылайша әр топтан кезек-кезек оқушы шығып, тобына үлес қосуы керек. Бұл өте әмбебап әдіс, оны басқа пәндерде түрлендіріп істеуге болады.  Тағы бір қызық әдіс – "Плюс таяқша". Мұнда мұғалім тақтаға екі немесе үш таңбалы сандарды қосып, бір жерін әдейі қате жазады. Минусқа немесе қандай да бір санға бір таяқша қосса, қосынды дұрыс шығады.

11 сәуір 2020 ж. 1 175 0