Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГIНІҢ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕСІЗ БЕ?

ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГIНІҢ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Соңғы күндері еліміздің әр аймағында өртке оранып жатқан ғимараттардың қарасы аз емес. Сондықтан кез келген азамат өрт қауiпсiздiгiнің қарапайым ережелерін бiлуi керек. Кез келген бейтаныс ғимаратқа кiрерде өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негiзгi және қосымша есiктердiң орналасуына назар аударыңыз. Егер «Өрт» деген дауыс естiсеңiз, не түтiн иiсiн сезiп, от жалынын байқасаңыз, өртке қарсы қызметке хабарласыңыз. Байсалдылықты сақтап, қасыңыздағы адамдарды сабырлыққа шақырыңыз. Жағдайды бағалаңыз, қауiптiң қаншалықты екенiн, оның қайдан келгенiн бiлiп, сабырлықпен қарсы жақтағы есiкке қарай беттеңiз. Топ iшiнде алға қарттарды жiберiп, үрейi ұшқандарды тоқтатыңыз. Үрейге әбден бой алдырғандармен еркiн сөйлесiп, олардың қозғалуына көмектесiңiз. Топ iшiнде қолыңызды шынтақтан бүгiп, бүйiрiңiзге тақап, жұдырығыңызды түйiңiз. Аяғыңызды алдыға қарай тiреп, арқаңызды сәл артқа шалқайтыңыз. Бұл топ ағыны күшiн азайтып, алдыңызға баяу қимылдауға көмектеседi. Түтiн көп бөлмелерге кiрмеңiз. Қазiргi ғимараттарда пайдаланылатын заттар жанған кезде өте көп зиянды улы заттар бөлiп шығарады. Бiрнеше демнен кейiн уланып өлуiңiз мүмкiн. Бөлмелер, дәлiздер түтiнге толған кезде түтiнi аз саты не есiкке қарай жылжыңыз, бiрақ ешқандай жағдайда лифтті пайдаланбаңыз. Лифтті өрт кезінде пайдалануға тыйым салынады. Қабырғаға, тұтқыштарға тіреніңіз, беторамал не киім арқылы тыныс алуды ұмытпаңыз. Түтiн көбейе бастаса еңкейiп не еңбектеп жүрiңiз. Егер температура көтерiле бастаса, сiз өрт аймағына жеттiңiз. Бұл жағдайда керi айналған жөн болады.


27 ақпан 2020 ж. 421 0