Қаз-қаз, балам, қаз балам...
Жаны жомарт қазақ ұрпағынан ешнәрсесін аямаған. Балалары таршылық, тапшылық көрмесін, бай-бақытты молшылық ғұмыр кешсін, көңілі дарқан даладай, текті, жетелі, ел-жұртына сыйымды, бауырмал, қадірлі, қайырымды, көпшіл азамат болсын деген ата-ана алғашқы қадамын майлап, тұсауын кестіруді өз борышы санаған. Сөйтіп ауыл-аймағындағы жақын адамдарын шақырып, көл-көсір дастарқан жайып көптің ризалығын, ақсақалдардың батасын алып, тұсауын кестіруді салтына айналдырған.
«Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін»
Тұсау кескен адамдардың ішінде желаяқ жүйріктер де, майталман шешен шежірешілер де, алып күштің иесі батыр-палуандар да, елді аузына қаратқан сылдыр көмей, жез таңдай, ақын-әнші, даңғайыр күйшілер де, ерекше қасиетті әулие адамдар да, аузында иманы, қолында Құраны бар молда-қожалар да болған.

Бұл – ат қою тәрізді баланың дүниеге келуін, алғаш қадам басуын атап өтетін маңызы бар мереке. Тұсауды «бай, тоқ болсын» деп малдың тоқ ішегінен өрген немесе «көбейіп, көгере берсін» деп көк шөптен де есіп жасаған. Сондай-ақ «біреудің ала жібін аттамасын, өзгенің дүниесіне көз тікпесін, қол сұқпасын» деген тілекпен ақ пен қара жіпті айқастырып, ала жіп дайындайды.
Ертеде мал сойылып, тоқ ішекті сәбидің аяғына орап байлаған. Ал тұсауын кесетін баланы әкесі ортаға тұрғызып, дуалы ауыз ақсақалдардан бата сұрайды. Сонан соң тұсау кесетін адам қолына дайындалған кездікпен, яки пышақпен әкесі алдына әкеліп тұрғызған ұлдың тұсауын кеседі. Жоралғыны жасарда ескеретін бір жайт, кездіктің жүзін өрге қаратып, астынан үстіне бағыттаған күйі өзіне қарай тартып кесетін болған. Егер пышақтың жүзін төмен қаратып кессе, бала жерден басын алмайтын ынжық болып өседі деп ырымдаған. Сондықтан еңсесін тік ұстайтын, ешкімге кеудесін бастырмайтын, өршіл, ұлттың рухын жалғайтын, ер мінезді ұрпақ болсын деген ақ тілекпен пышақ жүзін жоғары қаратып «Биссмиллә» деп кеседі. Тұсалған ішек кесілгенде баланың аяғынан түсіп қалуы керек.
Көк шөппенен кескені – көгеріп өссін дегені
Тұсау кескен кезде жиылған топ ортасында домбырасын сарнатып арнаулы тұсаукесер жырын жырлайтын өнер адамы да белгіленіп қойылады. Ондай болмағанда тұсау кесуші көкірегі даңғыл, көпті көрген от тілді, орақ ауызды адам болса, өзі-ақ тұсаукесер жырын айтып, баланың жолына жайылған кілеммен тәй-тәйлап қадам бастырып, батасын берген. Мал соя алмаған адам жіппен болса да тұсауын кестіріп, «ала жіп аттамайтын» абыройлы, адалынан еңбек етіп, адал ас ішетін, ақ пен қараны жыға танитын, әділетшіл, асыл адамдық қасиетке бай адам болсын, қастандықтан, дау-дамайдан аулақ, жолы ашық болсын деген тілекпен тұсауын ала жіппен кеседі.

Кей ата-ана «Баламыз көк шөптей көгеріп өссін, ұрпақты үрім-бұтақты болсын!» деген тілекпен көк шөппен де кескен. Алайда, шөпті жұлмайтын халқымыз бұл тәсілді өте сирек қолданған. Мейлі қандай жағдайда болсын, тұсаукесерге баланың аяғына тұсалған зат кескен кезде баланың аяғынан өздігінен түсіп қалуы шарт. Ол баланың аяғына байланған қалпы кетсе, тұсауы кесілгендік болмайды. Сондықтан бұған ерекше мән берген жөн.
Тұсауды жолы болған, ұрпақ өсірген, көп жасаған үлкен кісіге, солардың жолын берсін деп ырымдап кестірген. Ақыл-есі кем, өсіп-өнбеген, ақсақ-тоқсақ, мүгедек адамдарға бұл жорлағыны жасатпайды.
Ырым бойынша тұсау кесілген соң шашу шашылады. Ал жіпті бала көтере алмай жүрген келіншекке я болмаса нәрестелі болған отбасыға «Сіздерде де көп ұзамай той болсын» деп ырымдап, қолына ұстатады.
Қарап отырсақ, қазақ халқы тұсаукесер салтын бала өміріндегі әрбір кезеңінің, әр қадамының сәтті болуы үшін жақсы ниетте жасаған. Бұл дәстүр сәби өміріндегі келесі бір кезеңнің басталғандығын білдіреді. Аяғын тәй-тәй басқан бүлдіршіннің жолы ашық болып, келешекке нық қадам басып, көп сүрінбеуіне үміт ете жасалатын жоралғы. Ал жоралғыны орындаған, яғни баланың тұсауын кескен адамға той иесі шамасы жеткенше сыйлық берген.
Ал қазір ше?
Қазақтың ертеден келе жатқан осы бір өнегелі салтының жойылып кетпей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткені көңіл қуантады. Алайда, уақыт озған сайын дәстүрдің өңі де теріс айналып бара жатқандай көрінеді бізге. Олай дейтініміз бұл күні қазақ жұрты баласының тұсауын кескенде оның алдағы қадамы оң болсын, ешқашан сүрінбесін деген ниеттен бұрын ел-жұрттың аузында ұзақ жүретін той өткізуді ойлайтын тәрізді. Одан соң қалталы жанға баласының тұсауын кескізіп алып, дүниеге қарық болуды ғана көздейтін келте ойлылар қаптаған ба деген де ойға батасың ара-гідік. Себебі, бүгінгігің жазылмаған заңы бойынша тұсау кесетін адам баланың төрт мезгіл бастан-аяқ киетін киімін, ойыншықтарымен қоса сол отбасының әр мүшесіне жөн-жоралғысын ала келуі шарт. Әрине, оны той иесі де құр қалдырмасы анық. Одан соң тойға жиналған қауым тарататын сыйлықтар мен тәттілері тағы бар. Тойдан соң біраз уақытқа дейін елдің аузында жүретін де осы сәт, «пәленше түгеншенің баласының тұсауын кескенде не әкеліпті?» деген сұрақтың төңірегінде болады. Иә, қазақтың тойына ғана тән алыс-беріс, «Мә, сенікі, мә, менікі» дейтін сауда-саттық тұсау кесерді де айналып кетпеді. Осыдан келіп «Баламның табаны жерге тиді, жолы ақ болып, өмірде сүрінбей, ешкімнің ала жібін аттамай, адал жүріп-тұрсын» деген ақ батаға негізделіп, бұрыннан келе жатқан игі дәстүрдің өңі өзгеріп сала берді.

Бұл ғана емес, қазіргі таңда баланың жолына төселген ақ матаның екінші басына кітап, ақша, домбыра секілді заттарды қою үрдіске айналып барады. Баланың таңдауы неге түссе, болашағы сол затпен байланысты болады деп болжаған. Мәселен, домбыраны барып ұстаса, болашақта өнер адамы немесе ақшаны алса, бай-бақуатты адам болады, ал кітапты алса, ғылым-білім жолын қуған азамат болып өседі деп жорамалдайды. Алайда, бұрындары дәстүрде мұндай болмаған, бұл кейіннен пайда болған үрдіс екенін естен шығармау керек.
Қалай десек те, атадан балаға жалғасқан қазақ салтының қадірін кетірмесек екен...
Гүлхан ЯХИЯ