Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астықты өсімдіктер құрамында у көбейіп келеді

Астықты өсімдіктер құрамында у көбейіп келеді

Ғалымдар мен тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі сарапшылардың келтірген дерегі бойынша климат өзгерісінен сомалилік ауыл шаруашылық өнімдері мен мал басы кеміп келеді әрі азық құрамындағы улы заттар мөлшері артып келеді. Бұған жаһандық жылыну салдарынан жиі орын алатын құрғақшылық кінәлі. Әсіресе, аталған елде жиі тұтынылатын, яғни, негізгі азық түрлеріне жататын жүгері мен арпа, т.б. астықты өсімдіктер құрамындағы улы заттардың мөлшері шектен тыс артып кеткен. Бұл жайында VOA Africa ақпарат көзі хабар таратты. Белфастағы королдік университет мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Сомали аумағындағы егістік алқаптарындағы бауыр обырына апарып соқтыратын B1 афлатоксин мөлшері еуропалық одақ елдеріндегі деңгеймен салыстырғанда өте жоғары болып шақты.
Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарында зертханалық жұмыстарға жетекшілік еткен Прага қаласындағы химия және технология жоғарғы оқу орнының сарапшысы Ева Вилогорска зерттеу нәтижесін көріп, жағасын ұстағанын жасырмады: «Біз шоғарлану деңгейіне қарағанымызда ең қауіпті микотоксиннің, нақтылы айтқанда, В1 афлатоксиннің мөлшері ЕО-да рұқсат етілген деңгейден 400 есе асып кеткенін байқадық. Өзге улы заттар еуропалық нормадан 20-дан 80 есеге дейін асып кеткен. Мұның тұтынушыға қаншалықты қатерлі екенін есептегенде ЕО-да тұтынуда халық қол жеткізе алатын азық-түлік өнімдеріндегі қатерден 700 есе қатерлі екеніне көз жеткіздік»,- деді ол.
Африка құрлығындағы осынау елдің ауыл шаруашылық министрлігіндегі өсімдіктерді қорғау бөлімінің жетекшісі Әбдімұхаммед Хұсейн аптап ыстық пен құрғақшылықтың саңырауқұлақ бактериясы мен зеңнің таралуына жол ашатынын жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Сомали — жаһандық жылынудан қатты зардап шегіп отырған елдердің бірі. Осының кесірінен аталған елде 2 млн-нан аса адам азық-түлік тапшылығын тартып, ашқұрсақ өмір сүруде.

islam.kz
28 қараша 2019 ж. 594 0