Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көшеге шыққан көпбалалы аналарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі "Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру" тақырыбындағы баспасөз конференциясында журналистер елордадағы министрліктер үйінде жиналған көпбалалы аналардың баспана мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

"Менің көпбалалы аналарға айтарым бар. Қазір біз бұл мәселені екі жолмен шешудеміз. Егер "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша баспана сатып алу мүмкін болмаса, жалдамалы пәтер алуға үміттене аласыз. Осы бағдарлама бойынша үш жылдың ішінде үйлер саламыз. Біз жыл сайын 6000 пәтер саламыз, биыл 8000 пәтер салынбақ. Алдағы үш жылда мәселе жабылады. Сізгер шыдамды болу керексіздер деп ойлаймын", - деп жауап берді Қайырбек Өскенбаев.

"Оларға үй алу үшін 2-3 жыл күту керек. Олар келіп, көмек сұрайды. Мен де, министр де, ешкім бірден үй бере алмайды. Заң бар. Егер сізде заң бойынша алдымен кезектегі 1000 адамға үй беру керек болса. Оларды ысырып қойып қалай үй береміз? Сондықтан шыдамдылық таныту керек", - деп түйіндеді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл 118 мың тұрғын үй салынады. 2019 жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздері бойынша 65 мың пәтер салынды. Бұрын көпбалалы аналардың талабымен митингке шыққандығы хабарланған болатын.

20 қыркүйек 2019 ж. 1 039 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

№21 (9185)

12 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031