Жазға арналған жеңіл салаттар
Жаздың күні бәріміз де жеміс-жидектер мен көкөністер жегенді жақсы көреміз. Өйткені, олар біздің ағзамызды түрлі аурулардан сақтап, пайдалы заттармен қамтамасыз етеді. Бүгін біз сіздерге жазғы тағамдардан жасалатын бір топ салаттарды ұсынғымыз келіп отыр. 1. Алма және жанжабіл қосылған сәбіз салаты Керекті азық-түліктер: 3 сәбіз; 1 алма; үгілген 2 ас қасық жанжабіл; көк жуа; 1/4 стақан грек немесе миндаль жаңғағы. Тұздық дайындау үшін: 1 ас қасық сірке суы; 1 ас қасық үйеңкі шәрбаты; 2 ас қасық зәйтүн майы; тұз және бұрыш. Алдымен асүй комбайнымен сәбіз бен алманы уақтап, жанжабілдің тамырын тазалап, үккішпен ұсақтаңыз. Сосын көк жуаны кесіп, бәрін табаққа салып, жаңғақ қосыңыз. Ал тұздығын дайындау үшін сірке суы, үйеңкі шәрбаты және зәйтүн майын араластырып, үстіне тұз бен бұрыш салсаңыз болады. Брюссель орамжапырағы мен сүрсүбеден жасалатын салат Керекті азық-түліктер: 500 грамм брюссель қырыққабаты; 1 стақан грек жаңғағы; 50 грамм сүрсүбе; жүзім. Тұздыққа: 2 ас қасық қыша; 2 ас қасық үйеңкі шәрбаты; 3 ас қасық алма сірке суы; 3,5 ас қасық зәйтүн майы; тұз бен бұрыш. Брюссель орамжапырағы мен сүрсүбені жұқалап турап, табаққа салыңыз. Грек жаңғағын 3-5 минут қуырып, жүзіммен бірге қосып, жақсылап араластырыңыз. Содан кейін тұздық дайындауға көшіңіз. Ол үшін жоғарыда айтылған заттардың барлығын блендермен араластырсаңыз болғаны. Картоптан жасалатын салат Керекті азық-түліктер: 5 картоп; кинза мен укроп; 5-6 черри қызанағы. Тұздыққа: 1/2 стақан кешью; 2 ас қасық қыша; чили бұрышының бір салымы; 2 түйір сарымсақ; 60 мл лимон шырыны; 50 мл су. Картопты қуырып, кинза, аскөк және қақ ортасынан кесілген черри қызанағын қосып, араластырыңыз. Содан соң кешью жаңғағын, лимон шырынын, қыша, сарымсақ, су қосып, тұздық дайындаңыз. Бұл салаттар жазда жүрек жалғап алуға жақсы. Ас болсын!
Massaget.kz
Massaget.kz