Бассейн мен саунаның қандай қаупі бар?
Жаздың аптап ыстығында жабық демалыс орталықтарына барсақ, міндетті түрде бассейн, сауна болуын талап етеміз. Өйткені, суға қайта-қайта шомылмасақ, ыстықта демалу мүмкін емес. Бірақ, бассейн, сауна секілді барлығына ортақ көңіл көтеру аймағы қауіпті болуы мүмкін. Неге?
1. "Джакузи дерті" Жазда бассейннен бөлек, ыстық ванналар қабылдаған пайдалы. Сол себепті, қала сыртындағы арнайы демалыс орындарындағы булы шағын бассейндерге деген сұраныс артады. Бірақ, су буында туберкулез микробактериялары (Mycobacterium avium complex) болуы әбден мүмкін. Олар джакузи қабырғаларының арнайы қабатына жабысып алады да, мүлдем орнынан жылжымайды. Кейін су буы арқылы, адамның ішіне түседі. МАС бактериясымен ұзақ уақыт тыныстағаннан кейін өкпе ауруы мүмкін. Жөтел, әлсіздік, тыныс алу қиындайды. Бұл дертті жұқтырғандардың басым көбі, ауырғанға дейін джакузи соның ішінде ауа тазартқышы дұрыс жұмыс істемейтін жерде демалғанарын жеткізген.
2. Фолликулит Бассейнды жақсы көретіндер арасында жиі кездесетін ауру түрі. Судан шыққан бойда, дененіңіз қышып, бөртпе не безеулер көбейсе, демек сіз фолликулит дертін жұқтырып алдыңыз. Оның туындатушысы – Pseudomonas aeruginosa атты бактерия. Қуанышқа орай, фолликулит медициналық көмекті қажет етпейді. Бұзылған судан шыққан бойда, ыстық душ қабылдап, денеңіздегі микробтарды сабынмен өлтіріңіз.
3. Аллергия Дұрыс жуылмаған шомылу киімі де адамға айтарлықтай зиян. Сонымен қатар, бассейн суын тазалау үшін қолданылатын химикаттар да адамды әуреге салады. Мысалы, суды органикалық қауіпті заттардан тазартушы – калий пероксимоносульфаты. Аллергия көбіне бөртпе түрінде шығады. Егер сіздің тұрмыста химиялық заттарға аллергияңыз болса, суды тазартуда қандай зат қолданатынын бассейн иесінен біліп алған дұрыс.
Massaget.kz сайты