Әсерлі әңгіме
Әдетте бұрындары елге белгілі абыз-әулие, атақты би-шешендердің немесе еліне қорған болған батырлардың басына халық өзі ұйғарып, қадірлеп, құрметтеп, ел болып бірігіп, мұнара тұрғызатын болған екен. Ондай мұнаралардың көбісі уақыт сынына төтеп беріп, әлі күнге дейін сақталып келеді.
Менің айтпағым, ғылыми жаңалық ашу емес, жай ғана өзім естіген, ел аузында жүрген бір әңгіме еді.
Сонымен әлқиссасына келсек, ертеректе арқа жағында төрт түлік малы теріс жайылған, бірақ ешкімге қайыры жоқ, елге сүйкімсіз бір бай болыпты дейді. Күндердің бір күнінде әлгі бай ойланып отырып, «Қой, мен осы кімнен кеммін? Менде бір күні ерте ме, кеш пе ана дүниеге кетермін. Ең болмаса артымда халық айтып жүретіндей бір белгі қалсын» деп өзіне арнап бір биік зәулім мұнара салдыртпақшы болады. Әлгі байекең кесек құйдырып, ұста жалдап, өзі ойлағандай сонау алыстан көрінетіндей етіп бір мұнара салдырады. Құрылыс біткеннен кейін ұсталармен есептесіп болып, өзі әлгі мұнараның ішіне жатыпта көреді. Өзінше іштей қуанып, «Ертең о дүниелік болсам, халық о бұл «пәленше» деген атақты кісінің мұнарасы ғой» деп айта жүретін болды ғой деп те ойлап қояды. Өзі күнде атымен барып сол мұнараны бір көріп жүреді. Алайда, «Адамның ойлағаны болмайды, Құдайдың қалағаны болады» дегендей сол уақытта тың игеру мақсатында Ресейден орыстардың келе бастайды кезі болса керек. Бір күні қақаған қыста маскүнем орыс жолда келе жатып әлгі мұнараны көреді. Бет қаратпайтын үскірік аяздан шамалы ықтап алайын деген ниетпен мұнараның ішіне кіреді. Ақыры сол мұнарада ұйықтап қалып, үсік шалып қайтыс болады. Кейіннен әлгі байда дүниеден өтіп өзіне арнап салдырған мұнарасы бұйырмай, оны ағайындары басқа жерге жерлейді. Сондықтан әлгі мұнара салдырған бай кісінің атымен аталмай «Андрей мұнарасы» деп аталып кеткен екен...
Осылайша әңгімені қорытындылай келе сыр сүлейлерінің саңлағы Тұрмағанбет ақынның
«Кейбіреу сәл бақытқа мас болады,
Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.
Адамдық иісіңді жұрт аңсап тұрсын,
Не керек қарныңның құр майланғаны» деген өлең жолдарымен аяқтауды жөн көрдім.
Арыстанбек Байқабылов,
желі қолданушысы