Құлақ тесудің сыры
Әрбір қыз бойжетіп, сырғалы ару болуды армандайды. Өйткені, құлақ тесіп, сырға салу – қыз баласының өміріндегі айтулы күн. Ол әрбір нәзікжандының жадында мәңгі естелік болып қалады. Ал сол құлақ тесу нені білдіреді? Қазақ аруларының құлағын неше жастан бастап тескен? Не себепті сырға салынады? Міне, біз бүгін өзінің дәстүрінен жаңылмай келе жатқан осы бір ғұрыпқа тоқталмақпыз.
Қазіргі кезде құлақ тесу тіптен оңайға соқты. Кез келген жерде арнайы аппараттың көмегіне жүгінгендіктен, бір емес бірнеше сырға тағатын қыздарды байқап жүрміз. Ал бұрынырақта әжелер көбінесе қыз баласының құлағын қолы жеңіл адамға тестіретін болған. Тіпті арнайы шашуын шашып, кішігірім той өткізетін. Құлағы тез жазылып кетеді деген ниетпен жаз мезгілін ыңғайлы деп есептеген. Құлақ тесу туралы тағы қандай біз білмейтін құпиялар бар. Осыны білмекке Бестам елді мекенінің тұрғыны Ұлған Қошқарованың пікірін білген едік:
– Негізі қыз баласының құлағын 7-9 жас аралығында теседі. Өйткені, сәл ес жиып, оң-солын ажырата білген қыздың құлағын тесуде үлкен тәрбиелік мән бар. Алдымен құлақты тері жансызданғанша тарымен әбден уқалап, содан соң тазартылған инемен тескен. Содан соң иттің жүнінен ширатылған жіпті құлағына таққан. Ол құлақтың іріңдеп кетуінің алдын алған. Бір жетіден соң құлағына күміс сырға салып, үстіне бүрмелі көйлек, шашын өріп, басына үкілі тақия кигізген. Яғни «Сырғалы қыз болдың, енді сырғаңның сылдырын білдіртпей жүресің» деп тәрбиелеп, бойжеткен қызға анасы үйретуге тиіс нәрсенің бәрін ұғындырған. Қуыршақтың орнын кестемен ауыстырып, ою-өрнек салғызған. Бұның бәрі қыздың жүріс-тұрысын реттеуге, үй тірлігінде шапшаң қимылдауына септігін тигізген. Менің 4 қызым бар. Бәрінің құлағын өзім тескенмін. Қазіргі таңда олар бір-бір үйдің түтінін түтетіп отырған аяулы аналар, – дейді ақ жаулықты әже.
Ертеде тұрмыс құрмаған қызы бар үйдің қабырғасында сырға ілініп тұратын болған. Бұл сол шаңырақтағы қыздың басы бос екенін білдірген. Осыған қарап адамдар құда болуға ниеттенген. Оған әдебиеттегі бәріміз білетін «Ер Төстік» ертегісін мысалға келтіруге болады.
Осы тұста құлақ тесу туралы жазушы, қазақы дәстүрді насихаттаушы Зейнеп Ахметованың айтқанына назар салайық:
– Құлаққа сырға салуды қазір «сән» деп қана түсінеді. Жиі көреміз, екі-үш жасар кішкентай қыздар сырға тағып жүреді. Қалталы азаматтар кішкентай қыздарына тіпті гауһар тасты сырғаларды салады. Бұрын қыздың құлағын тесу ер баланы сүндеттеумен бірдей болған. Ер жігітті сүндеттер кезде «Сен енді жігіт боласың, ашамайлы тайға мінесің» деп психологиялық жағынан дайындайды. Байқаған боларсыздар, баланы қалай сүндетке отырғызады, солай мінез-құлқы да өзгереді. Өзін «Мен енді жігітпін» деп сезінеді. Сол сияқты қыз баланың құлағын тесерде де осыны қаперге алу керек.
Сөзімізді қорытындылай келе, құлақ тесуде үлкен тәрбиелік мән жатқанын айтқымыз келеді. Әрбір ата-ана қыз баласы жат жұрттық болып туған соң, тәрбиелі, инабатты, сыпайы қылып өсіргенді қалайды. Тұрмыс құрған соң атымызға кір келтірмесін деп барын салған. Сол сияқты құлақ тесіп болған соң, үй шаруасына араластырғаны бекер емес. Өйткені ол келін болуға дайындықтың алғашқы баспалдағы десек те болады.
Фариза Кенжешова