Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағанды облысында алғаш рет пантамен емдеу орталығы ашылады

Қарағанды облысында алғаш рет пантамен емдеу орталығы ашылады

ÒаÑаÒÐ°Ð½Ð´Ñ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда алÒÐ°Ñ ÑÐµÑ Ð¿Ð°Ð½Ñамен ÐµÐ¼Ð´ÐµÑ Ð¾ÑÑалÑÒÑ Ð°ÑÑладÑ
Қарағанды облысында тұңғыш рет пантамен емдеу орталығы ашылады. Маусым айының ортасынан бастап Ақтоғай ауданындағы марал шаруашылығы адамдарды қабылдай бастамақ. Шаруашылық иесі Ержан Қадырберлин осыдан 7 жыл бұрын еліміздің Шығыс өңірінен 21 бас аналығын әкеліп, қорыққа жіберген болатын. Қазір олардың саны 100-ге жетіпті. Әр жыл сайын түз тағысының төрт-бесеуін табиғатқа жіберіп тұрады екен. Олар да қазір төлдеп, көбейіп жатыр. Марал мүйізінен алынатын панта қан аздық, жүрек-қан тамырлары ауруына, ісік жараларына және басқа да сырқаттарға мың да бір ем екен. «Соны негізге алып, болашақта өңірде туризмді дамытсақ», – дейді шаруа иесі. Осылайша Алтайдың кербез сұлу кербұғысын Ақтоғайдың мақтанышына айналдырмақ. 

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321227-ara-andy-oblysynda-al-ash-ret-pantamen-emdeu-ortaly-y-ashylady
11 маусым 2019 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031