Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы мүшелерінің көңіл күйін көтеруге көмектесетін идеялар

Отбасы мүшелерінің көңіл күйін көтеруге көмектесетін идеялар

ÐÑбаÑÑ Ð¼Ò¯ÑелеÑÑнÑÒ£ көңÑл күйÑн көÑеÑÑге көмекÑеÑеÑÑн идеÑлаÑҚазіргідей өлара кезеңде барлығы шаршап жүреді. Не денсаулығы сыр береді, не өзге де себептер болуы мүмкін. Отбасында да түрлі жағдайлар орын алып жатады. Осындайда жылы атмосфераны қалыпқа келтіріп, бір-біріңізге жақын бола түсудің бірнеше әдісін ұсынамыз. Уақыт капсуласы Бір қорапты алып, оған отбасы мүшелерінен өз өмір салтын, әдетін, ерекшелігін көрсететін заттарды салуын сұраңыз. Ол қандай да бір сурет, жапсырма, кішкентай ойыншық, өзіне жазылған хат, сүйікті фильмдерінің немесе әндерінің тізімі және т.б болуы мүмкін. Қорапты көзге көрінбейтін жерге қойып, оны 10 жыл өткен соң бірге ашуға сөз беруге болады. Фильмді талқылау Отбасы болып жақсы көретін фильмді тағы бір мәрте көріп шығыңыздар. Әрбіреуіңіз өзіңізді бір кейіпкердің орнына қойып, қай әрекетін қалай өзгертетініңізді ойлап көріңіз. Сол кезде фильмнің соңы қалай өзгерер еді? Сонымен қатар, фильмнің дыбысын өшіріп тастап, әр кейіпкерді бөліп алып, өздеріңіз дыбыстаңыздар. Күлкілі әрі көңілді диалог жасауға тырысыңыздар. Қызықты шопинг Үйіңізге жақын жерде орналасқан "барлығы 50 теңгеден" деген секілді ұсақ-түйек сататын дүкенге барыңыздар. Алдын ала әр отбасы мүшесіне белгілі бір сома беріп, сауданың тақырыбын ойластырыңыз. Мысалы, барлығы тамақ дайындауға немесе бөлмені безендіруге байланысты болуын сұраңыз. Видео қарау Барлық адамға, әсіресе, балаларға өздерінің кішкентай кезіндегі видеосын қараған ұнайды. Бір кешті ескі видеоларды қарауға арнаңыз. Суреттерден слайд-шоу жасаңыз. Әр баланың өсіп, өзгеріп келе жатқанын көрсететін слайдтар жасауға болады. Ата-анасының үйлену тойының видеосы да балаларға қызық болуы мүмкін. Бірақ ол өте ұзақ болмауы керек. Ережесіз күн Бұл күні бәрібір екі ереже қойылады: әр әрекеттің қауіпсіз болуы шарт және басқалардың мазасын алмауы керек. Бірге тамақ дайындау Бірге тамақ дайындау – өте қызықты іс, ал егер оны видеоға түсіріп алсаңыз, одан да көңілдірек болады. Кей сүйікті немесе жаңа тағамды отбасымен бірге пісіру процесін видеоға түсіріп көріңіз. Аударма Онлайн-аудармашымен сөйлесу де көңіл күйді көтереді. Біріншіден, ол сіз жазған нәрсені күлкілі акцентпен айтады. Екіншіден, сөзді басқа тілде айтуға үйретеді. Алғыс айту Жасаған жақсылығы үшін не  еш себепсіз-ақ алғыс есту кімнің болса да жанына жағады. Тамақ ішетін үстелге кішкене қағаз бен қаламы бар құты қойып қойыңыз. Таңғы ас ішіп отырып, әр отбасы мүшелері кез келген отбасы мүшесіне алғысын жазуын сұраңыз. Кейде ұмытылып кетуі мүмкін, бастысы, қолы бос болғанда немесе есіне түскенде жазып тұрса болғаны. Мысалы, түскі ас немесе жақсы көңіл күй үшін рақмет айту. Содан соң айына бір рет немесе аптасына бір рет сол хаттарды бірге оқуға болады.

Massaget.kz
11 мамыр 2019 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930