Алматыда тауық жұмыртқасына шекті баға белгіленді
Алматыда бірінші санаттағы жұмыртқаларға шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы 1 сәуірде күшіне енді.
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді. Бағалардың сақталуын Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп бақылайды. Ережебұзушылық бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл салынады.








