Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылдың экономикалық нәтижелері: 25 жылдағы ең нашар жыл ма?

2020 жылдың экономикалық нәтижелері: 25 жылдағы ең нашар жыл ма?

Экономика 2020 жылы коронавирустан аман қалды, бірақ орны толмас шығындармен.



Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының бағалауы бойынша 2020 жылы нақты ЖІӨ жылдық мәнде 3,6%-ға төмендейді және 1995 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке айналады. Ал орташа жылдық тұтыну инфляциясының деңгейі 7,9%-ға дейін жеделдейді.Алдын ала тұжырымдар бойынша: экономика терең құлдилайды және оның қайта орнына келуі қиын болады. Мұндай көрсеткіштер соңғы 25 жылда болмаған.
“Орташа жылдық тұтыну инфляциясы” ұғымы нарықтағы бағаның жиі өзгеруін түсіндірмейді. Бірақ жалпы түсінік береді.
Тұтынушы нарықта бір бағаны көреді, ал “орташа жылдық” екінші бағаны көрсетіп тұрады
Оның көз алдында өсімдік майының бес литрлік баклажкасының бағасы 2700 теңгеден 3300 теңгеге дейін өседі.
Бұл оның ашуы мен наразылығын тудыруға жеткілікті.

Төтенше жағдай мен ақша — құрмет, ал абдырау — кешірімді

Бір қарағанда, елдегі жағдай соншалықты нашар емес.
Билік әлемде алғашқылардың бірі болып төтенше жағдай енгізді. Шешім дұрыс, кем дегенде, соның арқасында Денсаулық сақтау жүйесі уақыт жеңіп, шамадан тыс жүктелмеді және жамайтын жерлерді жамап ала үлгерді.
Осы жағдайлардың аясында жоғары лауазымды шенеуніктердің оптимизмі біртүрлі көрінді
Егер біз олардың барлық дәйексөзін, пікірі мен мәлімдемесін қорытындылайтын болсақ, бәрі айқын: экономика кез-келген күйзеліске төтеп береді.
Келесі позитив — барлық зардап шеккендерге — 42 500. Еңбек министрлігі жеке-жеке қарап жатпай барлық өтініш бергендерге әлеуметтік төлем төледі.
Ешкім қажет етпеген Telegram да кенеттен “тірілді”. Осы әлеуметтік желідегі бот арқылы 42 500-ге рәсімдеуге болды. Нәтижесінде 4,5 миллионнан астам адам жиналды.
Әрине, қомақты ақша емес, бірақ көптеген қазақстандыққа пандемияның алғашқы толқынынан аман өтуге көмектесті.
Сонымен бірге, мемлекет басшысының, үкімет мүшелерінің және басқа да маңызды тұлғалардың сөйлеген сөзінен абдырау байқалды. Бұған кешіріммен қарауға болады. Шын мәнінде немен бетпе-бет келгенін түсінбеу әлемнің көптеген елдеріндегі әріптестеріне тән болды.
Экономика одан сайын кедейлене түсті, ал кәсіпкерлер тіпті жалдау ақысын төлейтін ақша таппады
Үкімет бизнес-орталық иелерінен жалға алушыларға қысым жасамауды сұрады. Бірақ түсіністікпен қарап, қолдау жасағандар бірең-сараң.
Осы уақытта шағын және орта бизнес дихлофостан өлген шыбындар сияқты болды. Ірілері қолда бар ресурсты жасырып қойып, дауылдың арты не болады деген үмітпен күтіп жатты.

Дауыл болған жоқ, бірақ біраз дірілдетті

Мамырдың басында төтенше жағдайды аламыз деп уәде берді. Бәрі осы күннен үмітті еді. ТЖ алынып тасталса болды, бәрі бұрыңғыдай болады деп күтті.
Бірақ биліктің төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылатыны туралы хабардан үміт оты лауламай жатып сөнді.
Билік несие бойынша берешекті кейінге қалдыра тұру ұсынысы көптеген кәсіпкерге майдай жақты.
Билік басқаша әрекет ете де алмады. Мемлекет қиын сәттерде өз азаматтарына қамқорлық жасай алмаса өзіне сын.
Тағы бір маңызды дата — 1 қазан. Бұл күні берешекті кейінге қалдыру өз жұмысын тоқтатты. Банктердің несие бөлімдері төтенше жағдай мен карантин кезінде шоттарды мұқият назарда ұстады, ал жоғарыда көрсетілген күннен бастап қарыз шоттарды иелеріне жіберді.
Төлемдерді кейінге қалдыру қуанышы су сепкендей басылды 

Орындалмаған үміттер және бюджет қалай толтырылады

Мамыр айында жұқтырғандар деңгейінің төмендеуі және карантин шараларының жұмсаруы жаңа үміт тудырмай қоймады.
Бизнес толыққанды жұмысқа дайындалды. Кинотеатрлар, азық-түлік дүкендері, сауда және ойын-сауық орталықтарының иелері әлеуетті пайданы бағалай бастады.
Бірақ пандемия толқын тәрізді сипатқа ие болды.
Ал қыркүйек айының басында үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ЖІӨ-нің 3%-ға төмендегені туралы хабарлады.
Бірақ пандемияны бұл дерек қорқыта алған жоқ.
Ковид кетіп қалған сияқты болып, сосын бір нәрсе есіне түскендей қайта оралып, адамдарды тиімдірек шала бастады
Карантин тағы да күшейе түсті, ал қазан айының аяғынан бастап ковидтің тағы бір толқыны басталды, біз қазір бәріміз осы толқында өмір сүріп жатырмыз.
Бірақ кез-келген катаклизмге қарамастан бюджет сергек. Оған бұрынғыдай Ұлттық қор жақсы қалыпта қалуды қамтамасыз етіп отыр.
Finprom.kz хабарлағандай 2020 жылы қаңтар-қазанда мемлекеттік бюджетке 11,1 трлн теңге түсті — бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,9%-ға артық. Кіріс жоқ, ал өсім Ұлттық қордан берілетін трансферт есебінен болды. Олар 4,3 трлн теңгеге жетті — бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 55,9%-ға артық.
Жалпы, трансферттер әрдайым сиқырлы таяқша рөлін атқарды. Олардың арқасында бюджет тапшылығын өтеуге және сол арқылы Үкіметтің экономикалық саясатының кез келген “кептелісін” жоюға болады.

Жаңа жыл қарсаңында

Жаңа жыл қарсаңында пессимистік нәрселер туралы жазғың келмесе де, жазуға мәжбүрміз.
Атап айтқанда, қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы 2021 жылы экономика 2020 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға өседі деп мәлімдеді. Сарапшылар инфляцияны экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келуін және монетарлық жағдайлардың қатаюын ескере отырып 6,1% деңгейінде болжады.
Егер 2020 жылы экономиканың құлдырауы рекордтық болғанын ескерсек, онда бұл базадан төрт пайыздық өсу, толыққанды сенім бермейді
Елдегі экономикалық белсенділіктің қалпына келуі, өз кезегінде, мұнайдың әлемдік бағасына және жаһандық экономиканың реанимациясына байланысты.
Біріншісі де, екіншісі де жоғары болатынына кепіл жоқ.
Ал бизнес мемлекеттің құшағына енген қалпы шыға алмай қалды.
Микроқаржы ұйымдары туралы Заңның бекітілген нұсқасына сүйенсек, олар оны мықтап тұншықтырмақшы
Кәсіпкерлер үшін де болашақ жарқын болатынына сенім жоқ. Несиелер арзандап, олар үшін қолжетімді болған кезде ғана олар еркін дем алады.
Бірақ Ұлттық Банк керісінше — базалық мөлшерлемені көтеруге дайындалуда.
Реттеуші экономиканы реанимациялаудың басқа амалын тапты деп болжауға болады және ол базалық мөлшерлеме көтерілген кезде де жұмыс істейді.
Ал, іске сәт!

03 қаңтар 2021 ж. 662 0