Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың «Нежа 2» фильмі әлемдік касса бойынша жаңа рекорд орнатты

Қытайдың «Нежа 2» фильмі әлемдік касса бойынша жаңа рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайлық анимациялық фильм прокатта 168 млн доллардан астам табыс тауып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. Қытай мифологиясына бейімделген «Нежа 2: Ібіліс балаларының мұхиттағы шайқасы» анимациялық фильмінің жиынтық кассасы (көрсетілімдер мен алдын ала сатылымдарды қосқанда) 12,3 млрд юаньнан асып(шамамен 168 млн доллар), Голливудтың «Inside Out 2» анимациялық фильмін басып озды және әлемдік анимациялық фильмдер кассасы тізімінде бірінші орынды иеленді. 
Бұл Азия тарихындағы мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы «голливудтық емес фильм».
Сонымен қатар бұл Қытай киноларының тарихындағы 10 млрд юаньнан астам касса жинаған алғашқы фильм. «Нежа 2» хикаясы Қытайдың дәстүрлі мифтері мен аңыздарына негізделіп, батыр баланың тағдыр мен ерік-жігер төңірегінде таңдауын баяндайды. Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл фильмді түсіруге барлығы 138 анимациялық компания мен 4000-нан астам аниматор қатысқан. Фильмді түсіруге 5 жыл кетті. 2025 жылғы «Қытай анимация индустриясының ақ құжатына» сәйкес, Қытай әлемдегі ең ірі анимация өндірісінің базаларының біріне айналды және 3D анимациясында, көрнекі арнайы эффектілерде және басқа салаларда мол тәжірибе жинақтаған. Осыған дейін Қытай педиатрлары диагноз қою мен емдеу процесінде жасанды интеллектіні пайдаланатынын жазған едік.






23 ақпан 2025 ж. 67 0