Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Лос-Анджелесте орман өрті өршіп тұр

Лос-Анджелесте орман өрті өршіп тұр

Лос-Анджелес округіндегі орман өрті салдарынан кем дегенде 1,2 мың адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы The Washington Post газеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Калифорния шенеуніктерінің айтуынша, өрт оңтүстік-шығысқа қарай Пирамидалар көліне қарай тараған. Өрт жергілікті магистральдың жанындағы үлкен аумақты шарпыды және таралуын жалғастырып жатыр.

Калифорнияның орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаментінің мәліметі бойынша, жексенбі күні түстен кейін өрт 12,2 акрдан (4,9 мың га) астам аумаққа тарап, тек 2%-ға оқшауланған. Өрт салдарынан екі коммерциялық нысан зақымданды.

Шенеуніктер өрттің себебі анықталып жатқанын айтты, бірақ қаза тапқандар мен жараланғандар туралы дерек жарияланбады.
08 қаңтар 2025 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930