Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Корея билігі қара аққу етін азық-түлік үшін пайдаланбақ

Солтүстік Корея билігі қара аққу етін азық-түлік үшін пайдаланбақ

Ел билігі қара аққудың көмегімен аштық мәселесін шешпек. Елдегі ең ірі фермалардың бірінде осы құстар өсіріле бастады. Негізі билік бұл идея туралы 2019 жылдан бері айтып келеді. Ал жақында Қытаймен арадағы шекара 2025 жылға дейін ашылмайтыны белгілі болды. Осыдан кейін жергілікті халыққа азық-түлік тапшылығы туындауы туралы ескертілді. Негізі коронавирус пандемиясына байланысты Қытаймен арадағы шекара былтыр жабылған. Бұл жағдай жергілікті экономикаға кері әсер етіп, азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Ким Хюн Ток, Корей түбегінің бейбітшілік және өркендеу институтының президенті: – Солтүстік Кореяда азық-түлік тапшылығы бұрыннан бар мәселе. Халықаралық қауымдастық пен БҰҰ-ның санкцияларынан кейін бұл проблема одан бетер ушығып кетті. Ол аздай коронавирус өршіп, жығылғанға жұдырық болды.

https://24.kz

03 қараша 2021 ж. 836 0