Лондонда мұғалім оқушыларынан жеке әскерін жасақтамақ болған
Ұлыбританияның Лондон қаласында 25 жастағы Умар Хак есімді мұғалім оқушыларына полицияға шабуыл жасауды үйреткен, деп хабарлайды Today.kz NDTV арнасына сілтеме жасап.
Сот отырысы Лондондағы орталық қылмыстық сотта қаралды.
Педагог кінәлі деп танылды.
Анықталғандай, ер адам Ислам Мемлекеті тобының идеясын қолдап, 11 мен 14 жас аралығындағы жасөспірімдерден жеке қоғамдастық құрғысы келген. Умар Хактың ықпалына жүздеген оқушы түсіп, ішінде алтауы ғана мұғалімдеріне қарсы түсінік берген.
"Ол балалардан әскер құруды жоспарлаған, әскері Лондон бойынша бірнеше теракт жасауға көмектесуі керек болған", – деді террористік әрекетке қарсы бөлімнің басшысы Скотленд-Ярда Дин Хайдон.