Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық дәрігерлер коронавирусты емдеудің тағы бір тәсілін тапты

Қытайлық дәрігерлер коронавирусты емдеудің тағы бір тәсілін тапты

Гонконг университетінің ғалымдары коронавирусты емдеудің тағы бір тәсілін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Инфекциямен күресуде құрамында ауырып үлгергендердің антиденелері бар қан сарысуын құю көмектеседі, деп жазды South China Morning Post газеті.
Қытайдың микробиологтары сириялық алтын хомяктарда олардың ағзаларында ақуыз құрылымының ACE2 (ангиотензин түрлендіретін фермент 2) адаммен ұқсастығын ескере отырып, тәжірибе жүргізді. Ақуыз ағзаның жасушасына вирустың енуі үшін рецептор деп саналады.
Жұқтырудың алғашқы аптасында жануарларда өкпенің, кеңірдектің, иммундық жүйенің, ішектің зақымдануымен байланысты ауыр белгілері болған.
Содан кейін біртіндеп кейбір кеміргіштер сауыға бастаған, олардың салмағы қалпына келіп, қанда антиденелер пайда болған.
Зерттеушілер сау хомяктарға ауырғандардың қанындағы сарысуды егіп, содан кейін оларға коронавирус жұқтырған. Анықталғандай, бұл жағдайда ағзаға вирустық жүктеме он есе төмен болды.
Сонымен қатар, эксперимент барысында инфекция жұқтырған жануарлар бір торда болғанда дені сау жануарларға да жұқтыруы мүмкін екені анықталды.
Қазір ғалымдар тобы адамдарға тиісті зерттеулер жүргізу үшін этика жөніндегі медициналық комитет тарапынан мақұлдауды күтіп отыр.

https://stan.kz
01 сәуір 2020 ж. 491 0