Әлемде ашаршылық басталуы мүмкін
Халықаралық ғалымдар тобы климаттың өзгеруі бүкіл әлемде ауылшаруашылық және теңіз ресурстарын едәуір қысқартады, бұл жаһандық аштыққа әкелуі мүмкін деп отыр, деп жазады Stan.kz.
Климатологтар жақын болашақта атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды азайту мүмкін еместігін және қайтып келу мүмкін емес болғандықтан, қазіргі ғасырдағы жағдайды болжау үшін зерттеулер көбейіп келе жатқанын айтады. Жаңа жұмыста ғалымдар екі негізгі тамақ көздерінің жағдайын болжау үшін теориялық үлгіні жасады: ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы.
Сарапшылар тамақ өсірілетін және жиналатын аймақтарды, сондай-ақ климаттың осы аудандарға тигізетін әсерін ескерді. Мысалы, жаһандық температураның жоғарылауы әсіресе тропикке зиянды болады, ал солтүстік елдерде (Канада және Ресей) ауылшаруашылық үшін қолайлы жағдай болуы мүмкін.
Нашар жағдайда, әлем халқының 90 пайызы азық-түлік өндірісі ғасырдың аяғында айтарлықтай төмендейтін жерлерде өмір сүреді. Ауылшаруашылығы саласында бұл төмендеу 25 пайызды, ал балық шаруашылығында 60 пайызды құрайды. Сонымен қатар, кедей елдер жаһандық жылынуға ең осал болады.