Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Лондондағы мешіт пітір садақаны криптовалютамен алады

Лондондағы мешіт пітір садақаны криптовалютамен алады



Ұлыбритания астанасы Лондондағы мешіттің бірі пітір садақаны криптовалюта түрінде алуға кірісті. Қасиетті Рамазан айында енді адамдар өзінің крісінен 2,5 пайызды құрайтын зекетті биткоин немесе эфир күйінде бере алады. Мешіт өкілдері мұндай пітір садақадан 10 мыңдай фунт стерлинг жинайтынына үмітті. Қаржы кедей-кепшіктерге көмек көрсетуге, ғимараттарды жөндеу сияқты қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады. Ал адамдар мұндай жаңашылдыққа қарсы еместерін айтады. Абдалла, мешіт имамы: - Биткоин өзге валюталардан кем емес. Кей адамдар оны ақша түрінде пайдаланады. Біз алыпсатарлықпен айналыспаймыз. Мешіт халыққа қызмет етеді. Ең бастысы адамдардың мүддесі.  Лукас Мусиал, блокчейн бойынша кеңесші: - Биткоин немесе эфирі бар азаматтар үшін оларды доллар болмаса фунт стерлингке айырбастау қиынға түсер. Мешіт бұл мәселені өз мойнына алады. Оларды аударушы қажетті түймешені басып, мешіттің криптоәмиянына аударса жеткілікті. Бұл мешітке пітір садақаны әлемнің түкпір-түкпірінен аударуға мүмкіндік береді. 

24.kz
30 мамыр 2018 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930