Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды

Ұлыбританиялық астрономдар тобы гравитациялық линзаның көмегімен бүгінгі күнге дейінгі ең үлкен қара құрдымның бірін тауып, тосын жаңалық ашты. Күн массасынан 32,7 миллиард есе көп қара құрдым Abell 1201 галактикалар шоғырында, Жерден 2,7 миллиард жарық жылы қашықтықта орналасқан. Бұл туралы Aikyn.kz жақында ғана NewAtlas сайтында жарияланған материалға сілтеме жасап хабарлайды.

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Photo12/Universal

Durham университетінің астрономдары өз жаңалықтарын DiRAC COSMA8 суперкомпьютерінің көмегімен ғаламды жарып өтетін жарықтың мыңдаған модельін жасап, NASA-ның Хаббл ғарыштық телескопы анықтаған нұсқа арқылы ашты.

«Массасы Күннен 30 миллиард есе көп болатын бұл ерекше қара құрдым. Бұрын-соңды ашылғандардың ішіндегі ең үлкені және теориялық тұрғыдан алғанда ғаламда кездесетін ең ірі қара құрдым. Сондықтан бұл өте қызықты жаңалық», – дейді Durham университетінің экстрагалактикалық астрономия орталығының жетекшісі Джеймс Найтингейл.

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды
Цифрлық технологиямен өңделген ғарыштың көрінісі. Фото ESA сайтынан алынды Авторы: Nick Risinger және N.Bartmann

Бұл осы әдіспен ашылған алғашқы қара құрдым екен. Бірақ гравитациялық линзалау Жерден ғарышты зерттеу үшін бұрын қолданылған, бұл алыстағы соқтығысатын галактикаларды және басқа қара құрдымды іздеуге мүмкіндік беретін әдіс.

Найтингейл: «Біз білетін ең үлкен қара құрдымның көпшілігі белсенді, ондай қара құрдымға жақындаған материя қызады және жарық, рентген сәулелері және басқа сәулелер түрінде энергия шығарады», – дейді. – «Алайда гравитациялық линзалау белсенді емес қара құрдымдарды зерттеуге мүмкіндік береді, бұл қазіргі уақытта алыс галактикаларда мүмкін емес».

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Universal History

Олардың қорытындылары 2004 жылы Durham университетінің астрономы Аластер Эдж галактикалардың суреттерін сканерлеу кезінде гравитациялық линзалаудың үлкен доғасын байқаған кездегі 20 жылға жуық жұмыстың ең басты нәтижесі болып саналады. Хаббл деректері мен суперкомпьютер технологиясы ғалымдар тобына өздерінің бастапқы ашылуын қайта қарауға мүмкіндік берді.

«Бұл тәсіл бізге жақын ғаламнан тыс көптеген қара құрдымды анықтауға және осы экзотикалық нысандардың ғарыштық уақыттағы эволюциялық жолын көрсетеді», – деп мәлімдеген Найтингейл.

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды. Авторы: Galyna

Қазіргі уақытта біз білетін ең үлкен қара құрдым – TON618, оның массасы 66 миллиард күн массасына тең деп есептеледі.

Ұлыбританиялық астрономдардың ашқан жаңалығы Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналында жарияланды. Мына сілтемеде орналасқан видеодан Durham университетінің астрономдары ашқан жаңалықтың компьютерлік моделін көруге болады.
05 сәуір 2023 ж. 311 0