Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті. Нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.

Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді.
Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін, – деп жазды министр.

09 қазан 2024 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930