Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан азаматтары Қырғызстанда 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Қазақстан азаматтары Қырғызстанда 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Қырғызстан шетел азаматтарына жаңа талаптар енгізді. Бұл туралы Қырғызстан цифрлық даму министрлігі хабарлады.
Бұл елде жұмыс істеуге, оқуға немесе бизнеске қатысы жоқ жеке себептер бойынша 60 күннен артық болуды жоспарлап отырған азаматтар үшін жаңа тәртіп енгізілген. Енді тіркелу үшін оларға сапардың мақсатына байланысты республикада болу құқығын растайтын құжат қажет болады, — делінген хабарламада.

Жаңа талаптар Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь, Грузия, Әзербайжан және Молдова сияқты визасыз режимі бар елдердің азаматтарына қатысты.

Ал ЕАЭО елдерінің (Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь) азаматтары Қырғызстан аумағында 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады.
05 қыркүйек 2024 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930