Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереді
Халықтың көші-қоны мен қылмыстық атқару жүйесі салаларындағы өзекті мәселелерді реттеуге арналған жаңа заңның көтерер жүгі ауыр, мақсаты салмақты.
Көші-қонға қатысты заң жобасын талқылаған кезде жұмыс тобында мен де болдым. Бір топ депутат шетелдегі қандастарымыздың елге келуі үшін олардың өз шаруа қожалықтарына арнайы конкурстан тыс жер телімін беру туралы бастаманы көтердік. Жаңа норма шеттегі қандастарымыздың елге оралуына ықпал ететін тиімді шешім болғаны рас.
Екіншіден, заңда мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты қабылданған талап бар. Бұдан былай елімізге азаматтық алуға келген әр адамға қазақ тілін А1, яғни базалық деңгейде білу талабы қойылады. Бұл – әлемнің көптеген елінде бар тәжірибе. Сонымен қатар олардан Ата заңымыздың негіздеріне және Қазақстан тарихына қатысты 25 сұрақтан тұратын тест алынады. Соған дұрыс жауап берген және мемлекеттік тілімізді базалық деңгейде білген шетелдікке азаматтық беру мәселесі қаралмақ.
Құжат – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін заң. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі болуына көңіл бөліп келеді. Қабылданып отырған заң талаптары да осы бағытта қолға алынған орынды бастама. Соңғы санаққа көз жүгіртсек, елімізде тұратын халықтың 70 пайызы – қазақ ұлты болса, әр деңгейде мемлекеттік тілді білетіндер қатары 92–93 пайызды құрайды. Ендеше, сырттан келетін шетелдіктер қазақ тілін білсе, бұл олардың осы қоғамнан өз орнын табуына септігін тигізбек.
Болат КЕРІМБЕК,
Мәжіліс депутаты

egemen.kz