Үкіметке жауапты міндет жүктелді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысып, Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды. Депутаттардың көпшілік даусымен Мемлекет басшысының ұсынысы қабылданды.
Суреттерді түсіргендер А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ
Жалпы отырысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашып, жиында жалғыз мәселе қаралатынын жеткізді. Яғни депутаттар Президент Қ.Тоқаев ұсынған Премьер-министрді тағайындауға не келісім береді, не келісім бермейді.
«Бүгінгі біздің жалпы отырысымызға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр. Конституцияның 44-бабы 3-тармақшасына сәйкес, Мемлекет басшысы Мәжілістегі саяси партиялармен консультация өткізіп, палатаның келісімін алу үшін Премьер-министрдің кандидатурасын енгізеді», деді Палата төрағасы Ерлан Қошанов.
Үкіметтің стратегиялық бағдары
Бұдан кейін Президент Қ.Тоқаев сөз алып, Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқанын айтты. Сондай-ақ Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталып, шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өскенін, халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалғанын жеткізді.
«Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті. Халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалды. Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек», деді Қ.Тоқаев.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс екеніне екпін қойды. Елімізде аз уақыттың ішінде ауқымды саяси реформа жүргізілгенін атап өтті. Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына жол ашқанын жеткізді.
«Бұл жұмыс жалғаса береді. Бірақ экономикалық өзгерістер саяси жаңғыру үдерісінен кенже қалмауы керек. Сондықтан Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды батыл жүзеге асыруға тиіс. Бұл – өте жауапты жұмыс. Азаматтарымыз Үкіметке зор үміт артады, жоғары талап қояды. Ел сенімін ақтау – бәрімізге сын. Мен кеше Парламент сессиясының ашылуында нақты міндеттерге тоқталдым. Үкімет стратегиялық бағдарымызды жүзеге асыра отырып, мынадай мәселелерге баса мән беруге тиіс.
Бірінші. Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру», деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ Президент елімізді басты өңірлік инвестициялық хаб ретіндегі ұстанымын күшейтуді тапсырды. Кейінгі жылдары монополиясыздандыру және шынайы бәсекелестік орта құру аясында байыпты жұмыс жүргізілгеніне назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, қол жеткізген жетістікпен тұрып қалуға болмайды. Үкіметтен экономикалық еркіндікті одан әрі кеңейту және мемлекеттік нарықтық үдерістерге ықпалы деңгейін төмендету үшін жүйелі іс-шаралар талап етіледі. Бұл әдістерді жүзеге асыру еліміздің институцоналды кемеленденуін, оның түрлі ішкі және сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік бермек.
«Екінші, инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек.
Үшінші, инфрақұрылымды дамыту қажет. Энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануға тиіс. Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады.
Қазір тауар газының тапшылығы күшейіп барады. Үкімет еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге 25 су қоймасын салып, суды барынша үнемдеу керек. Қазақстан тұрақты даму үшін Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет. Бұған дейін қолға алынған көлік және логистика жобаларын түгел уақтылы бітіру өте маңызды», деді Қ.Тоқаев.
Халықтың сенімін арттыру маңызды
Үкімет басымдық беруге тиіс төртінші мәселе – аумақтық саясат жан-жақты жүргізу. Президент аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейтінін атап өтті. Сондықтан еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы оңтайлы әрі тиімді болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе.
«Былтыр жаңадан Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылғанын білесіздер. Бұл қадам осы аймақтарды тың қарқынмен дамытуға жол ашты. Біз аймақтар арасындағы экономикалық теңсіздікті азайту үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Осы ретте Үкімет әкімдермен бірлесіп, әрбір облыстың әлеуетін арттыруға тиіс.
Әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет. Мен мұны бірнеше рет айттым. Сондай-ақ агломерацияларды дамыту мәселесіне баса назар аударған жөн. Үкімет осыған қатысты заңның мүлтіксіз орындалуын және жоспарланған жұмыстың тиімді атқарылуын қамтамасыз етуге тиіс», деді Қ.Тоқаев.
Бұдан бөлек, адам капиталының сапасын дәйекті және жүйелі түрде арттыру қажет. Президент «Жайлы мектеп» жобасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, ЖОО базасында академиялық артықшылық орталықтарын құруды жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы елдегі ғылымның кешенді дамуын жеке бақылауына алатынын жеткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтауды жаңа сапалы деңгейге шығару қажет екеніне тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Мұнда цифрлық шешімдердің көмегімен шығындарды бақылауды күшейту өте маңызды болмақ.
«Жалпы, цифрландыру экономиканың барлық саласын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық саласына енуге тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялар нарығын барынша ырықтандыру қажет. Еліміздің алдында өңірлік цифрлық хаб мәртебесін нығайту бойынша стратегиялық міндет тұр. Осы бағытта табысты болу үшін «цифрлық номадтардың» серпінді идеялары мен шығармашылық энергиясын пайдалану қажет. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру да маңызды. Ол экономикалық күйзелістерге және адамдардың қажеттіліктерінің өзгеруіне жедел жауап беруі керек.
Әлеуметтік қорғаудың ең жақсы шарасы – жаңа жұмыс орындарын құру, қайта оқыту және бизнес бастамаларды қолдау арқылы халықты жұмыспен қамту. Бұл ретте азаматтарды тиісті әлеуметтік кепілдіксіз қалдыратын көлеңкелі жұмыспен қамтудың төмендеуі түйінді мәнге ие. Белгіленген тәсілдер әлеуметтік әділеттікті нығайтуға, баршаға бірдей мүмкіндіктер мемлекетін құруға жәрдемдеседі», деді Қ.Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарап, оны жаңғыртудың маңызына тоқталды. Мұны орындамай көздеген мақсатқа жету қиынға соғады. Үкімет әкімшілік реформаны жалғастырып, бюрократияны барынша азайтуы керек екенін атап өтті.
«Мемлекеттік органдардың тапсырманы уақтылы әрі сапалы орындауы жеткіліксіз. Экономиканың өсімін қамтамасыз ететін тың бастамалар көтеріп, жаңа идеялар ұсынып отыру қажет. Министрлер мен әкімдердің қызметін бағалаған кезде олардың осы бағыттағы жұмысы басты назарда болады. Сондай-ақ қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыру – өте маңызды міндет. Биліктің өзгеріс жасауға ықыласты және дайын екенін жұрт көруі керек. Бір сөзбен айтқанда, шын мәнінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру қажет. Ел басқару және шешім қабылдау ісіне азаматтарды барынша тартқан жөн.
Мен сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты қабылдадым. Жаңа ғана фракция жетекшілерімен арнайы кездестім. Үкімет басшысы лауазымына «Amanat» партиясы ұсынған кандидатты талқыладық. Ортақ мәмілеге келдік.
Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, Премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Конституцияның 56-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындау үшін Мәжілістің келісім беруін сұраймын», деді Қ.Тоқаев.
ЖСДП қолдамады
Бұдан кейін Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысына қатысты пікір білдірді. Алғаш болып пікір білдірген «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев ұсынысты қолдайтынын жеткізді.
«Қазақстан демократиялық өзгерістерді біртіндеп дәйекті және жүйелі түрде іске асырып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғырту үдерісі Конституциялық реформадан нақты бастау алды. Ендігі маңызды қадам – Үкіметтің жаңа құрамын жасақтау. Аталған өзгерістер партия мен азаматтық қоғамға сенімді арттырады. «Amanat» сайлауда көпшіліктің даусына ие болып, жеңісе жеткен партия ретінде Премьер-министр лауазымына кандидатура ұсынды. Мұндай тәжірибе Парламенттің рөлін ғана күшейтіп қоймай, саяси партиялардың жауапкершілігін арттырады», деді Е.Бейсенбаев.
Фракция жетекшісінің айтуынша, Үкіметтің жұмысын «Amanat» жіті бақылауға алып, оның әрбір шешімін майшаммен қарамақ. Тіпті қажет жағдайда партия тиісті шаралар қолдануға дейін баруға дайын екенін мәлімдеді.
«Соңғы бір жылда Үкіметке қоғам тарапынан айтылған сын аз болған жоқ. Бірақ министрлер кабинетінің небәрі бір-ақ жыл жұмыс істегенін ескеруіміз қажет. Бір жыл – Үкіметтің жұмысын объективті бағалау үшін тым қысқа уақыт. Оған қоса Смайыловтың кабинеті күрделі геосаяси жағдайда жұмыс істеді. Сыртқы саясаттағы санкциялардың күшеюі, әлемдік инфляцияның тұрақтамауы біздің де экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр. Бұдан бөлек, 2 жылға жуық уақыт Үкімет пандемияның салдарымен күресті. Екіншіден, саяси басшылардың жиі ауыс-түйісі реформалардың қарқынының төмендеуіне әкеп соқтырады. Қазір бізге мұндай қадамға барудың қажеті жоқ деп есептеймін», деді Е.Бейсенбаев.
Төменгі Палата фракцияларының көпшілігі Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдағанымен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы оған қарсы шықты.
«Бүгінгі кездесуде көтеріліп отырған мәселе өте маңызды, тағдыршешті десек те болады. Сөз жоқ, сіздің 30 жыл бойы әбден былыққа батқан жүйені өзгертемін деген құлшынысыңызды көріп отырмыз. Бірақ оны ертең жүзеге асыратын мемлекеттік аппарат, оның ішінде Үкімет екені анық. Күні кеше өзіңіз де болашақ Үкіметтің алдында бұрын-соңды болмаған ауқымды міндет қойдыңыз. Біз 20 жыл билікке оппозицияда жүріп, халқымыздың әл-ауқатының төмендеуіне Үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты кінәлі екеніне көзіміз жетті. Ал енді бүгін аманаттықтар өз көпшілігін көрсетіп, ұсыныс беріп отыр. Әрине, парламенттік оппозиция ретінде біз ұсынысқа қарсымыз», деді ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев.
«Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев әңгімесін сенім білдірген халыққа алғыс айтудан бастады. Содан кейін Үкіметтің небәрі бір жыл ғана жұмыс істегеніне тоқталды. Оған нақты баға беру үшін біршама уақыт керек деп есептейтінін жеткізді.
«Кейбір бастамалары жүзеге асып жатса, келесісі соңына дейін жетіп үлгерген жоқ. Жалпы, біздің партия Үкімет жұмысын ауылдың бүгінгі жағдайымен бағалайды. Ал бұл мәселеде Үкіметке айтар ұсынысымыз, артар үмітіміз де жетерлік. Сондықтан Әлихан Асханұлы басқарған Министрлер кабинетінің қызметін орта жолда тоқтатып тастаудың орнына, бастамаларын соңына дейін жеткізу керек деп есептейміз», деді А.Баққожаев.
Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-министрі лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.
Басты міндет – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру
Бұдан кейін жаңадан тағайындалған Үкімет басшысы Ә.Смайылов сөз сөйлеп, сенім артқаны үшін депутаттарға ризашылығын білдірді. Бұл қызметті үлкен жауапкершілік деп санайтынын жеткізді. Мемлекет басшысы айқындап берген еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттер Үкімет жұмысының негізгі басымдықтары болатынын атап өтті.
«Ең алдымен, біз Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын және «Amanat» партиясының бағдарламасын іске асырамыз. Сонымен бірге басқа да партиялар мен депутаттардың, бизнес-қауымдастықтар мен азаматтардың сындарлы ұсыныстарын ескереміз. Орта мерзімді кезеңде экономиканың өсімін 5 пайызға дейін жеткізу, осы жылдың аяғына дейін инфляцияны 2 есе төмендету – біз үшін аса маңызды міндет.
Кәсіпкерлікті қолдау және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ бизнестің түйткілді мәселелерін шешу, халықты жұмыспен қамту және азаматтарымыздың нақты табысын өсіру – негізгі бағыттардың бірі. Экономиканы әртараптандыруға, ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге және қосылған құны жоғары шикізаттық емес тауарлар өндірісін ұлғайтуға басымдық беріледі», деді Ә.Смайылов.
Сондай-ақ ел экономикасына, бірінші кезекте, өңдеуші салаларға ауқымды инвестициялар тарту бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті. Ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс атқарылмақ. Сонымен қатар энергетика саласын дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері өте маңызды.
«Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. «Тариф орнына – инвестиция» бағдарламасын іске асыру электр және коммуналдық желілердің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту кеңейтіледі. Көлік және логистика саласында өткізу қабілетін арттыруға және халықаралық дәліздерді дамытуға басымдық беріледі.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларында қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту, сонымен қатар цифрландыруды әрі қарай жалғастыру және мемлекеттік бірыңғай цифрлық платформаны енгізу біздің жұмысымыздың маңызды бағыттары болады. Үкіметтің алдында қойылған міндеттерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданады. Парламент депутаттарымен өзара бірлесіп, үйлесімді және нәтижелі жұмыс істейміз деп сенім білдіремін», деді Ә.Смайылов.