Барыс бейнесі
Бұрынырақта Алтайдың биігінде барыс мекендейді десе, аңыз-әңгімедей қабылдар едік. Оны көзбен көргендер де жоқ-тын. Тек 2014 жылдың қаңтарында ғана Аршаты жақтағы тау соқпағымен ілбіп басып бара жатқан барыс алғаш рет фототұзаққа түсіп, таңғалысқанбыз. Кейін де бірнеше рет суретке түсірілді. Ал жуықта жарыққа шыққан фотосы тіптен анық.
Бұл сурет те Аршаты орманшылығына қарасты учаскеде түсірілген екен. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары фототұзақтағы суретті енді ғана ашып, анықтап жатқанымен, аппараттың шүріппесі жаздың күні басылған. Фототұзақты барыс жүреді-ау деген соқпаққа ұлттық парктің қызметкерлері Жомарт Аманбаев, Манарбек Омаров, Мұрат Арабаевтар барып құрған. Барыстың қырқа-қырат, бел-белестерде емес, құзар шыңдардың басында жүретінін ескерсек, фототұзақ құру, оны уақтылы тексеріп тұру оңай шаруа емес. Естеріңізде болса, мысық тұқымдастың бұл түрі былтыр Сарымсақты жотасында да бейнекамераға ілінген.
Барыстың негізгі азығы таутеке болған соң шың-құздарды мекен етеді. Әдетте азығын жалғыз жүріп аулайды. Тостағандай таста төрт аяқпен тәкаппарлана тұратын таутеке барыс үшін қағып ала салатын олжа емес. Тырнағы ілінбей шыңырауға кетіп жараланса, жарақаттан емес, ақсап жүріп аштан өледі. Сондықтан да аса сақ қимылдайды. Көбінесе әлсіз аңға шабуылдауға тырысады. Дейтұрғанмен өзінен екі-үш есе ауыр таутекені тамақтап жіберуге қауқарлы. Ілбістің салмағы 40-55 келі тартса, дене тұрқы 103-130 сантиметр, құйрығының өзі 90-105 сантиметр. «Ілбіс» демекші, бұл барыстың көне атауы. Кейде «ілбісін» деп те жазылады. Жарайды, бұл өзінше бөлек тақырып.
Барыстың аң аулау тәсілі де ерекше. Кәдімгі үй мысығының тышқанға, торғайға шабуылын көріңіз де, барысты елестете беріңіз. Дәл солай. Көздеген азығына жер бауырлап, жақындаған соң ғана тарпа бас салады. Егер шабуылы сәтсіз болса, тұяқтының соңына түсіп қуаламайды. Энергиясын сақтайды. Бірақ жеті метрге дейін секіретін барыстан алаңсыз жайылып жүрген таутекенің құтылуы да қиын шығар.
Өкініштісі, табиғатта көзге түсе бермейтін сұлу жануар құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Әлемдік зерттеушілердің жүргізген санағы бойынша, жер бетінде 3000-7000 ғана барыс қалған. Қазіргі уақытта «Қызыл кітапқа» еніп, аулауға тыйым салынған. Демек, болашақта саны артады.
https://egemen.kz