Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда көне түркі дәуірінің тас мүсіні табылды

Түркістанда көне түркі дәуірінің тас мүсіні табылды

Түркістан облысында көне түркі дәуіріне қатысты ерекше пәшәнді тас мүсін табылды. Бұл туралы хабарды тарих ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Мұхтар Қожа жеке парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz Түркі Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ескерткішті Сапарбек Асқарбекұлы деген жергілікті азамат тауып, тиісті мамандарға хабарласқан екен. Аталған тас мүсінді көру үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Археология ғылыми зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Мұхтар Қожа бастаған мамандар алдын-ала зерттеу жұмыстарын  жүргізді. Мамандар көне түркі дәуіріне  жататын тас мүсіннің бейнесі туралы түрлі болжамдар айтуда. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.
Айта кету керек, осы тас мүсінге ұқсас ескерткіштер Қазақстанның оңтүстігінде, Қырғызстанда, сондай-ақ Алтай өңірінде Кудырге кешенінде табылған болатын.

https://egemen.kz
30 шілде 2021 ж. 1 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930