Өкше жарылып, тілімденсе...

Шағын легенге 1,5 литр ыстықтау (бірақ аяқ күйдірмейтіндей) су құйып, 4 ас қасық сутек тотығын (перекись водорода) қосыңыз. Осы суға аяғыңызды салып, біраз отырыңыз. Егер өкшеңіз тым қатты жарылған болса, ұзағырақ отыру керек. Аяқты судан шығара салып, өкшеңізді пемзамен ысқылаңыз. Ал одан кейін сумен шайып, құрғатып сүрткен соң, дәріханадан алған глицериннің үстінен құты толғанша қарапайым алма сірке суын қосыңыз.
Жақсылап шайқап, осы қоспадан өкшеңізге жағып, аяғыңызға полиэтилен қап киіңіз. Бұл масканы жатар алдында жасап, қапты таңертең шешсеңіз, аяғыңыздың терісі жұп-жұмсақ болып, тілімденгені тез жазылады.
Аяқты суға аптасына бір-ақ рет салу жеткілікті, ал масканы күнделікті жасаған жөн.
http://anabol.kz/