Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕШЕ ДУБАЙ ШОКОЛАДЫ, БҮГІН МУСКАТ ЖҮЗІМІ...

КЕШЕ ДУБАЙ ШОКОЛАДЫ, БҮГІН МУСКАТ ЖҮЗІМІ...

Маклюбені жеп, тәттіге малынған құлпынайдан дәм таттық. Артынша «дубайлық шоколад» шығып, одан да құр қалмадық. Қысқасы, трендке шыққан әр тағамнан ақшаны аяп жатқан жоқпыз. Ендігі кезек «шайн мускатқа» жетті. Түсінікті тілмен айтқанда, ол – сүйегі жоқ жүзім. Еттен де қымбат тауарға елдің бәрі құмартуының сыры неде? 
Дубай шоколадынан кейін желіде тағы да жаңа тренд пайда болды. Дәл қазір көпшілік жапон жүзімі «шайн мускатты» құмартып алып жатыр. Осы жағдайдан соң импорт бағасы да аспандап кеткен. Біз бұл жемістің ерекшілігі қандай және жасанды жүзімнің зияны жоқ па деген сауалдарға жауап іздеп көрдік. Деректерге сүйенсек, «шайн мускатты» ең алғаш жапон фермерлері ойлап тапқан. Бұл мускаттың екі түрін будандастырудан өсірілген өнім. Қазір жүзімді Оңтүстік Корея мен Қытай да өндіреді. Қазақстан нарығына көбіне іргедегі көршіміз Қытайдан келеді. Көлемі үлкен, дәні жоқ жүзім тәтті дәмімен ерекшеленеді. Алайда оның құрамында химиялық заттардың көп екені де айтылып жатыр. Дәл қазір «шайн мускаттың» бағасы 6 мыңнан бастап 11 мың теңгенің арасында сатылуда. Ал трендке айналмай тұрғанда келісі небәрі 2500 теңге ғана болған екен. «Шайн мускат» – Азия елдерінде кеңінен танымал премиум класты дастархандық жүзім сорты. Өзіндік ерекше дәмдік қасиеттерінің, әдемі сыртқы келбетінің және сәтті маркетингтік стратегиясының арқасында бұл жүзім сорты басқа өнімдер арасында ерекшеленіп, экзотикалық жеміс мәртебесіне ие болды. Алғашында «Шайн мускат» жапон нарығына ғана қолжетімді болды және деликатес ретінде бағаланды. Қазақстандықтар үшін «Шайн мускаттың» танымалдығы бірнеше факторларға байланысты артып келеді. Ең алдымен, елімізде премиум өнімдерге деген қызығушылық жоғарылап, тұрғындар ерекше өнімдерді таңдай бастады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде оның танымал болуы маркетингтік науқанның сәттілігін көрсетеді. Instagram және TikTok арқылы танымалдылыққа ие болып, түрлі шолулар мен бейнероликтер «Шайн мускатты» жоғары бағаланған жеміс түріне айналдырды. Алайда жұртшылық арасында «Шайн мускаттың» құрамында химиялық заттардың көп екені де айтылып жатыр. Таиландтықтар арнайы зерттеу де жүргізген. Ішінде улы хлорпирифос бар екені анықталыпты. Сөйтіп, олар сатылымнан бірден алып тастаған. Елдегі дәрігерлер хит жүзімді тұтынып, ауруханаға түскен тұрғындар жоқ дейді. Десе де кез келген өнімді зерттеп барып алуға кеңес береді. – Зиянды заттар көп. Бізді қытайлар улап жатыр деген менің ойымша ол өтірік нәрсе. Қатты зияны жоқ деп ойлаймын. Кәдімгі жүзім”, “Алып көрген жоқпын. Қымбат деп ойлаймын. Дубай шоколоды да, шайн мускат та қымбат. Трендтен қалмаймын деп олай жасамайтын едім”, – дейді аудан тұрғыны Ақмаржан Сағындықова. Ал маркетолог Әлібек Мәртенов « М а р к е т о л о г т а р д ы ң ж ұ м ы с ы н ы ң нәтижесінде жүзім бүгінгі күннің трендіне айналды. Сұрныс жемістің дәмі ерекше болғандықтан артып отырған жоқ. Баржоғы Тик-токта жүзім туралы видеолар көп қаралым жинап, өнімнің танымалдылығы артқан. Мәселе осында ғана», – деді ақпарат порталдарының бірінде. Дәрігерлер трендке айналған «Шайн мускаттың» құрамындағы мөлшерден тыс химиялық заттардың денсаулыққа өте зиян екенін айтуда. Еске салсақ, бұған дейін желіде дубай шоколады трендке айналып, әлем бойынша минутына 100 данасы сатылған еді. Әрине, тренд өнімді тұтыну-тұтынбау өзіңізге байланысты. Тек сапасына үңілуді ұмытпаған жөн.
Гүлхан ЯХИЯ
12 қараша 2024 ж. 90 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 41

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031