Сенімге сай серпінді іс
Сыр бойында соңғы жылдары соны серпін байқалып келеді. Экономикалық көрсеткіш көңіл көншітіп, әлеуметтің әлеуеті де арта түсуде. Халық та аймақ басшысына сенім артты. Бейсенбі күні Елорданың төрінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Н.Нәлібаев сенімге сай серпінді істерді тарқатып айтты.
Шиелі ауданында әк шығару цехы іске қосылады
Аймақтағы ірі кәсіпорындарды сөз еткен аймақ басшысы келер жылы Шиелі ауданында құны 1 млрд теңге болатын әк және құрғақ құрылыс қоспаларын шығару цехы іске қосылатынын баяндады. Сыр елінің ішкі нарқын 70 пайыз қамтып отырған шыны зауыты өткен жылы жұмысын бастаған болатын. Бүгінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне өз өніміміз экспортталуда. Бұл да ауыз толтырып айтарлық нәтижелі жұмыстың бірі. Зауыттың негізгі қуаттылығы 197 мың тонна болса, іске қосылғалы бері 167 мың тонна өнім шығарды. Оған қоса брифинг барысында «Шыны зауытының айналасында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін құруға мүмкіндік мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын құрылады» деді аймақ басшысы. Атап айтқанда, жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылып, шыны бөтелкелер және алғашқы айна зауытының құрылысы басталмақ. Бұл 3 жобаның жалпы құны 32,3 млрд теңгені қрайды.
БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ ЖОЛДАМАСЫ
Бүгінде жаһан мемлекеттері бәсекеге қабілетті экономика құру үшін жанталасып жатқаны белгілі. Ол үшін жоғары білімді мамандарды даярлау басты орында тұр. Бұл бағытта Сыр еліндегі серпін көштің соңында емес. Білім саласында биыл 4 жаңа нысан іске қосылды. Бұл турасында облыс әкімі «Облыс бюджетінің 61 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Соның ішінде білім саласына 278 млрд теңге бөлінді. Салада ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Биыл облыста 4 жаңа мектеп пайдалануға берілуде. Президент тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салынады. Жоба құны – 98 млрд теңге. Қазір 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, қалған 11-і келесі жылы басталады. 2025 жылы толық тапсырылады», – деді.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында «Білімді қолдау қоры» есебінен физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернат құрылысы қарқын алды. Мұнан бөлек, 4 мектеп жанынан 1850 орынға арналған қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ білім сапасын арттыру және инвестиция тарту жұмыстары күн тәртібінен түспейтінін аймақ басшысы үнемі айтып келеді.
3 жылда сан алуан жұмыс бітпек
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазан айындағы сапарында өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты тарихи шешімдер қабылдады. Көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыру және Қызылорда қаласына ыстық су қосу мәселесі алдағы үш жыл ішінде шешіледі», – деді облыс әкімі.

Арқаның төрінде айтылып, алдағы жылдың еншісінде тұрған біршама нысандардың қатарында 7 ауданда бой көтеретін музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары бар.
Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Ол жуырда іргетасы қаланған жылу-электр орталығы. Құны 215 млрд теңге болатын орталық 2025 жылы ел игілігіне беріледі. Сонымен қатар, облыс орталығында Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы салынуда. Жобаның жалпы құны – 20 млрд теңге, оның 15,7 млрд теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінеді. Жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға қарастырылған. Нысан 2024 жылдың мамыр айында жұмысын бастайды. Мұнан бөлек, Қызылорда қаласында құрылысы басталған заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы келесі жылы пайдалануға берілмек. «Саутс Ойл» компаниясы музыкалық колледж ғимаратын салады. Жобаға 4,8 млрд теңге жұмсалмақ. Яғни, биылды табысты қорытындылап, келер жылға үлкен сеніммен қадам аттамақпыз.
Жетекші саланың жүгі ауыр
Өңір экономикасы дамуына үлес қосып келе жатқан негізгі салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Аймақтың табиғи-климаттық және топырақ ерекшеліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы толығымен суармалы егіншілікке, оның ішінде күріш егісіне бейімделген. Биылғы егін науқаны кезінде әр гектардан 56,5 центнер өнім алынып, қамбаға 503 мың тонна күріш жиналыпты. Салаға осы жылы 9,4 млрд теңге инвестиция тартылған.

«Су тапшылығына қарамастан күріш өнімділігі өткен жылмен бірдей болды. Облыстың ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып, өткізу нарығы кеңеюде. Соңғы екі жылда құны 84 млн долларды құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Экспортталған өнімнің 96 пайызы – өңделген өнім. Суды үнемді пайдалану үшін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерінің қолдану аясын кеңейтуге басымдық беріліп жатыр», деді облыс әкімі.
Күрішті өңірдің ырысы – жерге еккен егіні екені даусыз. Алайда аяқ судың жетіспеуі жыл санап үлкен мәселеге айналып барады. Осы орайда жетекші салаға жаңа серпін керек. Яғни, агро саланы әртараптандыру жұмыстары қолға алынуда. Мәселен, өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізу көзделуде. Ғалымдар бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізуде. Нәтижесінде пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. Келесі жылы да оң көрсеткіш сақталса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енгізілетін болады.
Егіс алқабын әртараптандыру алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 2025 жылға қарай күріш алқабы 89 мың гектардан 80 мың гектарға дейін қысқартылады. Оның орнына суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемі 8,7 мың гектарға ұлғайтылады. Атап айтқанда, майлы дақылдар алқабы 13 пайызға, малазықтық дақылдар алқабы 8 пайызға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары алқабы 0,5 пайызға, басқа дәнді дақылдар егісі 21 пайызға артады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ