Баптасаң бақ та жайқалар
Шиелі ауданында жүзім шаруашылығымен айналысатын адамдар бар. Олар – Еділбай Дәулетбаев пен жұбайы Кенжезада Маханованың. Бүгінде бұл жандардың кәсібі нәсібіне жарап тұр.
Ерлі-зайыптылар жиырма жылдан астам уақыт жүзім өсірумен айналысады. Бау бақша үйінің жанында орналасқан. Мұнда жүзімнің 10-нан астам түрі бар. Мәселен, венгр, мускат жаңғағы, нимранг, тербаш, т.б сынды түрлерін атап айтуға болады. Еңбексүйгіш бағбан жыл сайын жүзімнен басқа қара өрік, алма және шие теріп, оны ауыл тұрғындарына жомарттықпен бөліседі. Сондай-ақ шаруа көктемде жеміс ағаштарын өсіремін деушілерге көшет таратады. Осы ретте әуесқой бағбандарға өсімдіктерді қалай дұрыс күту керектігі жайлы егжей-тегжейлі кеңестер де береді. Импорттық жүзімді сатып алу үшін базар жағалайтын бағбан, табиғи өнімнің тәтті болатынын айтады.

– Жүзім астындағы топырақ тамыр жүйесінің тереңдігіне дейін жеткілікті ылғалды болуы қажет. Әрине, суару күндерін таңдау және жүзімдіктегі күзгі жұмыс кезінде ылғал мөлшері жауын-шашынға ғана байланысты болмайды. Мұнда топырақтың құрамы, желдің бағыты мен күші, күзгі ауа температурасы үлкен мәнге ие, – дейді Е.Дәулетбаев.
Бүкіл отбасымен табиғатты құрмет тұтып, оған ерекше ықыласпен қарайтын Еділбай мен Кенжезада өз білгендерін өзгеге үйретуден жалыққан емес. Мәселен, жүзім шаруашылығындағы шәкірттерінің бірі – Әділбек Өмірзақовты айтуымызға болады. Оның бақшасында қазір 40-тан астам жүзім бұталары жеміс беруде.
– Жүзім шаруасымен айналысу – үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Қазір мен кесуді өзім істей аламын. Алдағы уақытта бұталардың санын жүзге жеткізу ойымда бар, – деді Әділбек.
Сонымен қатар бұл кәсіп отбасылы бюджетке жақсы өсім алып келеді. Жыл сайын Дәулетбаевтар әулеті кем дегенде бір тонна өнім жинайды. Нарықта олар өз өнімдерін сатпайды. Көтерме сатып алушылар өздері үйге келеді. Кенжезада жолдасының ісіне жәрдемші. Сондықтан болар, бір-бірінің қолдауымен шаруашылықтың шырайын келтіріп отыр.
Бұл жұмыстың бәрі тынымсыз еңбектің арқасы деп білеміз. Бақшасына кіріп қалсаңыз, жүзім ағаштары мен гүлдері жайқалып, қоңыр күздің өзінде ерекше көрік беріп тұрады. Күздің соңғы айында бау-бақшаны арам шөптерден тазартып, келесі ерте көктемге әзірлік жасайды. Талай жылдан бері олар бақшаны баптаудың әдіс тәсілін де терең меңгерген. Қай жеміс ағашын қалай күту керектігін, көкөністерді, бақша дақылдарын қай уақытта егу қажеттігін де жақсы біледі. Табиғат та нәзік құбылыс. Дұрыс реттілікпен жасалған жұмыс зая кетпей жемісін береді. Дәулетбаевтардың жайқалған бағы да соның нәтижесі деп ойлаймыз.
Ауданның көркеюіне үлес қосып, жастарды әдемілікті бағалай білуге, қоршаған ортаны құрмет тұтуға, табиғатты аялауға үйретіп жүрген отбасы Жер-Ананы қадірлегеннің сыйдан құр қалмайтынын дәлелдеп тұрғандай.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ