АЩЫКӨЛДІҢ ҚАМЫСЫ – АУЫЛДЫҢ БРЕНДІ
Естеріңізде болса, газетіміздің алдыңғы сандарында «Жаңатұрмыстың қамысы Германияда экспортталады» деген тақырыпта мақала жариялаған болатын. Енді осы тақырыпты ауқымды талдап көруге қолға қалам алған едік.
Жалпы қамыс дегеніміз не? Ол – қияқ тұқымдасына жататын ең көп тараған өсімдік. Су өсімдігі болғандықтан көбінесе өзендердің сағасы мен көлдерде, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Ағашқа қарағанда 48 пайыз ылғалға төзімді болып келеді. Кезінде ата-бабалаларымыз қамыстан үй тұрғызып, ши тоқып шаруашылықпен айналысқан. Бәрін айтта, бірін айт, табыс көзі болып табылатын Жаңатұрмыстың сары қамысы шетелге шығарылуда.

Осы тұста айта кетейік, Байсын ауылының жанында Ащыкөл деген көл бар. Сол көлдің жағалауындағы қамыстар десек болады. Бірі білсе, бірі білмейтін болар, Германияда қамысты ағаш үйлердің шатырына тоқыма себет жасауға пайдаланады. Астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік жер шарында кеңінен таралған. Тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді. Біздің елімізде жерасты суы жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні – кәдімгі қамыс немесе құрақ. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады. Одан химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.
Байқап қарасақ, шет мемлекеттерінің қамысқа деген сұранысы жоғары. Оның бағалылығы, ылғалға төзімділігі, экологиялық жағынан таза материал екені белгілі. Сондай-ақ қамыс сабақтарын буып бау-бақша қоршауын да жасай аламыз.
Бүгінде Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары шаруашылыққа кіріскен. Олар қамысты қыста, аязды күндері қатты кезінде шабады. Содан кейін құрғақ жерде сақтайды. Қамыс құрғақ жерде сақталса шірімейді. Әрине, оңай жұмыс емес, ерік-жігерді талап етеді.
Аталған ауылдың қамысы сұранысқа ие. Шиеліде өткізілген «Туған елге тарту» фестивалі көрмесінде де қамыс ерекше көзге көрінгенін жасыра алмаймыз. Ендеше, осындай өңірімізден шыққан өнімді қалайша қолдамасқа? Сөз соңында ауылдың брендіне айналған өнім тек ғана Германия емес, бүкіл әлем білетін тың өнім болсын дегіміз келеді.
Айнұр ИБРАШЕВА