ТЕХНОПАРК ТАБЫС КЕПІЛІ
Осыдан бір ай бұрын жылдағы дәстүрге сай Қазақстанның жаңа саяси науқаны басталды. Мемлекеттің алдағы міндеттері қалай жүзеге асатыны, қайда бет түзейтіні безбенделді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың көкейінде жүрген, азаматтар көптеген кездесуде жиі қозғайтын мәселелердің түйінін тарқатты. Иә, елімізде шешімін күткен проблемалар жоқ емес. Осыған орай біз ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді шаруалардың бірқатарына тоқталмақпыз.
Президент алдымен, су үнемдеу бойынша бірнеше бастама көтеріп, еліміз үшін судың тапшылығы қай кезде де маңызды мәселе екенін, оңтайлы шешу жолдарын жіті қарастыру қажеттігін ескертті. Мемлекет басшысы айтқандай, тіршілік нәрі судың нарқы мұнай, газ немесе металлдан кем емес. Сол себепті «Су ресурстары және ирригация министрлігін» құруы маңызды қадам. Құптарлық шешім дер едік. Өйткені елімізде су тапшылығы мәселесі жыл өткен сайын күрделеніп, құрғақшылық қысқан сайын күш алып келеді. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан су тапшылығына тап болуы әбден мүмкін. Енді құрылған жаңа министрлік осы мәселе бойынша жүйелі түрде жұмыс атқарады дегенге сенім мол.
Президент алдымен, су үнемдеу бойынша бірнеше бастама көтеріп, еліміз үшін судың тапшылығы қай кезде де маңызды мәселе екенін, оңтайлы шешу жолдарын жіті қарастыру қажеттігін ескертті. Мемлекет басшысы айтқандай, тіршілік нәрі судың нарқы мұнай, газ немесе металлдан кем емес. Сол себепті «Су ресурстары және ирригация министрлігін» құруы маңызды қадам. Құптарлық шешім дер едік. Өйткені елімізде су тапшылығы мәселесі жыл өткен сайын күрделеніп, құрғақшылық қысқан сайын күш алып келеді. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан су тапшылығына тап болуы әбден мүмкін. Енді құрылған жаңа министрлік осы мәселе бойынша жүйелі түрде жұмыс атқарады дегенге сенім мол.
Саяси құжатта айтылған тағы бір маңызды мәселе Мемлекет басшысы: «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн» деді. Расында да, мол өнім аламыз десек, жердің жағдайын жақсарту керек. Тыңайтып, тұқымды жаңалап, озық технологияны қолдану қажет. Президент алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу керектігін қадап айтты. Мемлекет басшысының келтірген дәйегі бойынша, елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет екенін міндеттеді. Несін жасырамыз, шаруалардың қолын байлайтын бір кедергі осы техниканың ескілігі, қала берді жоқтығы. Тозығы жеткен темір тез сынғыш келеді. Диқандар сынған техникамен қалай мол өнім өсіріп жинай алады? Әлеуметтің әлеуетін арттыру да күйіп тұрған мәселенің бірі демей немене?
Жер-Анадан несібесін терген дала еңбеккерлеріне техника ауадай қажет. Аудандағы шаруасы щалқыған шаруа қожалықтар әзірге техникадан тарықпас. Алайда енді ғана тәй-тәй басып, өз кәсібін бастап келе жатқан шағын шаруа қожалықтары техникаға қашанда зәру. Сол үшін ауданнан технопарк ашып, қолдау көрсеткен ләзім. Себебі шетелдерде, тіпті өзге өңірлерде де бұл үрдіс тұрақты түрде дамыған. Алайда, Мемлекет басшысы мәлім еткендей, солтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының қолындағы техниканың тозығы жетіп, қаусап тұр. Әрине, ескіні жаңаға ауыстырғанның әбестігі жоқ. Есесіне жұмыс өнімді, шығын аз болады.
Технопарк ашудың тиімді тұсы көп-ақ. Мәселен, қазіргі күні астық алқабын ұстарадай сыпырып жүрген жатка комбайндар гектарына 25 мың, ал бастыратын комбайндар гектарына 70 мыңды сұрайды. Мұндай бағаға «шықпа жаным, шықпа» деп отыратын шағын шаруа қожалықтардың қауқары қайдан жетсін?!
Ал сатып алуға жатка комбайн үшін 120-150 млн, бастыратын комбайндар үшін 200 млн, жер жыртатын трактор алуға 35-40 млн теңгең қалтаңда болуы тиіс. Әрине, шағын шаруа қожалықтарға бұл сома айтарлықтай салмақ. Осы орайда аудан әкімдігі, ауыл шаруашылығы бөлімі облыстық деңгейде осы мәселені көтеріп, оңтайлы шешімін шығарса деген көптің тілегін жеткізуді жөн көрдік.
Солтүстік өңірінде астық комбайндарын шығаратын «Казтехмаш» машина жасау зауыты» елге етене таныс. Бұл зауыт астықты өңірлер үшін еуропалық үлгідегі комбайн және басқа да ауыл шаруашылық техникасын шығарды. Комбайн Ресейдің шекаралас аудандарына, Ауғанстан, Моңғолия, Қытайға экспортталды. 2015 жылы «Казтехмаш» елуге жуық комбайн құрастыруды жоспарласа, оның 28-ін ғана құрастыру мүмкін болды. Шынын айтқанда, бәсекелестікке төтеп бере алмады. Жоғарыда айтқанымыздай, бар қырсық бағада болып тұр. Сөйтіп, қатал нарық айдынында өз өрісін таба алмаған «Казтехмаш» жұмысын тоқтатты. «Казтехмаштың» құрылтайшылары аты елімізге мәлім «Самұрық Қазына Инвест» және «Казинтертехсервис». Біріншісі зауыттың акциясының 49 пайызына ие, екіншісі тасымалдау көлігін сатумен айналысады. Екеуі де Қазақстан нарығында тәп-тәуір тәжірибе жинаған ұжымдар. Елімізде тек машина жасайтын зауыт «Казтехмаш» қана емес, Көкшетаудағы «Вектор» комбайн зауыты мен Қостанайдағы «Агромаш Холдинг» отандық ауыл шаруашылық машиналарын жасау кәсіпорны бар.
Мақсатымыз – ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын зауыттардың жұмысын, тоқтап қалу себебін нақтылау емес. Бастысы егінге қажетті техникаларды тиімді қолдануға арналған технопарктің іргесі қаланса деген тілек бар.
Сұлушаш МАДИЯРОВА