Обыр – оңай дерт емес
Аурудың жақсысы жоқ. Дегенмен, мына ғаламда адамзат баласы атын атаудың өзіне қорқатын дерттен асқан қауіпті ауру жоқ. Ол – қатерлі ісік. Елімізде аталған ауыр дерттен жыл сайын 17 мың адам көз жұмады. Сондықтан обырға бей-жай қарауға болмайды. Ауру асқынса, арғысы өлімге әкеліп соқтыруы да ғажап емес. Бірақ үздіксіз емделіп, онымен күрескен науқасқа құлан-таза айығудың мүмкіндігі мол. Осы ретте біз обыр дерті жайлы көкейде жүрген көп сауалға жауап алу үшін Шиелі аудандық ауруханасының онколог дәрігері Сәуле Әбенқызымен әңгімелескен едік.
– Сәуле Әбенқызы, ең әуелі қатерлі ісік жайлы толықтай тарқатсаңыз. Бұл қандай ауру?
– Қатерлі ісік – ағзадағы мутацияланған жасушалардан пайда болатын дерт. Бір сөзбен айтқанда ол – өте қауіпті ауру. Сондықтан бұл дертке салғырт қарауға болмайды. Дер кезінде емделмесеңіз, ауру лезде асқынып кетуі мүмкін. Алайда көпшілік адамдар обырды жазылмайтын ауру деп ойлайды. Мүлде олай емес. Мұндай қауіпті диагнозбен ауырған науқас аурудың бастапқы кезеңінен бастап дәрігер тағайындаған ем-домды уақытылы қабылдап, дұрыс күтінсе, сауығып кете алады. Ал ауру асқынған күннің өзінде науқас дертті одан сайын ушықтырып алмас үшін көңіл-күйін түсіріп, уайымға салынбауы тиіс. Себебі бұл дерт – адамның психологиясына да тікелей байланысты.
– Обыр дерті неден пайда болады?
– Обыр – салауатты өмір салтын ұстамаудан, шылым шегуден, дұрыс тамақтанбаудан, иммунитеттің төмендеуінен, созылмалы дерттің асқынуынан, радиациядан пайда болады. Әрине бұл – болжамды себептер ғана. Ал дерттің нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз.
– Дамыған елдерде онкологиялық аурулар қаншалықты жиі кездеседі?
– Обыр дерті дүние жүзі халықтары арасында соңғы жылдары жиі кездесуде. Мәселен, Америкада жыл сайын әрбір жүз мың адамның 64-і осы қатерлі ісіктен қайтыс болады. Ал соңғы жарты ғасырда бұл көрсеткіш 150-ге жетіп отыр. Көршілес Қытай, Италия, Қырғызстан сынды елдерде де бұл дерт өзекті тақырыпқа айналған. Көптеген әлем елдерінде де ахуал мәз емес.
– «Онкология» дегенде адамдардың санасын үрей билейтіні жасырын емес. Дертке шалдыққан науқастардың басым көпшілігі осы себепке байланысты емделуден қашқақтап жүреді. ¬Ауруы әбден асқынғанда ғана дәрігердің көмегіне жүгінеді. Осы мәселені қалай жоюға болады деп ойлайсыз?
– Тағы да қайталаймын, рак – қауіпті ауру. Өйткені оған жабысқан талшық өте тез көктейді де, айналасындағы ағзаларға жайылып кетеді. Қысқа мерзімде қан тамырлары арқылы да тұқымын мүше-мүшеге таратып, ұялайды. Тіпті, денені уландырып, оны ыдыратады. Науқастың дәрігерге ¬ауруы әбден асқынған кезде келетіні – рактың тез -жайылуын аңғармай қалуына да тікелей байланысты. Асқынған обыр дертінен жазылу өте қиын. Сондықтан оған қарсы күрестегі ең тиімді шаралардың бірі – халықты жаппай медициналық тексеруден өткізу. Сондай-ақ ауру қаупін туғызатын ақаулар табыла қалса, оларды алдын ала емдеу. Сол үшін мұндай қауіпті аурудан сақтануды әрбір адам мұқият қолға алуы қажет. Егер олай болмаса медицина қызметкерлері тиісті шараларды өздігінен жүргізе алмайды.
– Аудан және облыс көлемінде обыр дертімен ауыратын науқастар үшін заманауи медициналық құрал-жабдықтар қаншалықты қолжетімді? Қамтамасыз етілген бе?
– Бүгінгі таңда ауру түрін анықтауға арналған заманауи медициналық құралдар облыс және аудан көлемінде өте жақсы жабдықталған. Сонымен қатар науқастар үшін эндоскопиялық тәсілмен зерттеу, күдікті жағдайда биопсиялық және де цитологиялық-гистологиялық тексеру қол жетімді. Мұнымен қоса дертке шалдыққандар алысқа бармай-ақ, облыс көлемінде магниттік томография, ультрадыбыстық зерттеулер секілді озық технологияны пайдалана алады. Ал биылғы жылдан бастап ауданда «компьютерлік -томограф» іске қосылды.
– Қазақстанда аталған дертті ақылы емдей ме, жоқ әлде?
– Өте орынды сұрақ. Елімізден басқа ешбір мемлекет бұл дертті тегін емдемейді. Шетелде обырды тек ақылы түрде анықтап, ақылы түрде ғана емдейді. Бұл – медициналық ¬туризм деп аталады.
– Қатерлі ісіктің бірден байқалмайтыны белгілі. Үй жағдайында сырқатты қалай анықтауға болады?
– Қатерлі ісіктің белгілері бастапқыда байқалмайды. Оны басқа аурудың белгілерімен шатастырып алу оңай. Ісік үлкейіп, метастазға айналғанда ғана байқауымыз мүмкін. Десе де, рактың «алғашқы қоңырауын» естудің, сезіктенудің жалпы белгілері көп. Мәселен, ұзақ жөтелу, қақырықта қан көріну, дауыс өзгеруі болған жағдайда өкпе қатерлі ісігінен күдіктену қажет. Ал адам үш күн бойы ас іше алмаса, асқазаны ауырса, сондай-ақ іш өту мен іш қату қатар жүрсе – онкологиялық тексерістен өту қажет. Және де үлкен дәретте қанның ізі болса, онда шұғыл ауруханаға қаралған абзал. Ал денеде жара, түйін, ісікке ұқсас томпақ бүршіктер пайда болса, бұл қатерлі дерттің бір белгісі болуы әбден мүмкін. Сол үшін өзін жайсыз сезінген әрбір науқас дәрігерге қаралып, тексерістен өту қажет.
– «Аурудың емі – саудың сәлемі». Осы орайда медицинада адамдардың жан дүниесіне үңілу, сөйлесу, психологиялық көмек көрсету мәселесі қаралған ба?
– Иә, қатерлі ісікке шалдыққан науқас ең әуелі өзінің жүйке жүйесімен жұмыс істеуі керек. Қазіргі таңда олар үшін ауданда психолог және әлеуметтік қызметкер жұмыс атқаруда. Есепке алынған әрбір адам осы маманның көмегіне жүгіне алады. Сонымен қатар 4 клиникалық топтағы науқастар үшін аймақ дәрігері, аяжандар мен психолог мамандар ұдайы жұмыс жүргізіп отырады. Науқасқа диагнозы жайлы айту, түсіндір, көңілінен қорқыныш пен уайымды сейілту – мамандардың міндеті. Осыған байланысты біз үнемі психолог мамандар үшін арнайы семинар-тренингтер жүргізіп отырамыз.
– Қазіргі таңда ауданда онкологиялық аурумен қанша науқас есепте тұр?
– Жалпы, бүгінде онкологиялық ауру бойынша есепте 491 науқас тұрады.
– Бұл дертпен ауыратын науқастарға қандайда бір жеңілдік (квота) қарастырыла ма?
– Әрине, науқастың ауруы нақты анықталған соң, біз оларды облыстық онкологиялық орталыққа жібереміз. Олар ауру түрі бойынша науқасты қандай ауруханаға жатқызу керектігін өздері шешеді. Республика көлемінде де обыр дертімен ауыртатындар үшін арнайы квота қарастырылған.
– Сұхбатыңызға рақмет!