САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Адам денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Күнделікті тұтынатын ас-ауқаттың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізеді. Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы» демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Дұрыс тамақтанбау денсаулық үшін қауіп-қатер факторларының бірі, оны жеңу – мемлекеттің, үкіметтің, қала берді әрбір адамның өзіне деген жауапкершілігі екенін қоғам ұғу керек. Өйткені адам баласы күнделікті ағзаға қажетті, пайдалы тағамдарды қабылдамаса түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Соның бірі – теміртапшылық анемиясы. Қазір бойынан бұл дерттің белгісі байқалмайтын жан кемде-кем. Анемия барысында қауіпті патологиялық жағдайлар дамиды. Жалпы денсаулық жағдайының төмендеуінде ғана емес, сондай-ақ онкологиялық және жұқпалы сырқаттардың жоғары дәрежеде пайда болу қатеріне, ағза тұрақтылығының қоршаған ортаның зиянды факторларына ықпалы төмендеген жағдайларда қауіп төндіреді.

Теміртапшылық анемиясы микронутриенттік әлемдегі ең көп тараған жетіспеушіліктердің бір түрі. Адам ағзасында темір қоры азайса, гемоглобин деңгейі де қарқынды түрде төмендейді. Бұл қан эритроциттерінің тіндерге оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді. Бұл жағдай ағзаның барлық жүйесінің, мүшелерінің, тіндерінің және клеткаларының тыныс алу бұзылыстарына әкеліп соғады. Гемоглобиннің қажетті деңгейі іштегі нәрестенің толық дамуы үшін жүктілік кезінде де өте қажет. Себебі анемиядан зардап шегетін әйелдер 30-40% жиі салмағы толықпаған бала туады, бұл сәбидің өлуінің немесе нәрестенің ойлау қабілеті мен тәндік дамуы тежелуінің себебі болып табылады.
Анемия әсіресе А дәрумені, фолий қышқылы, В12 дәрумені, аскорбин қышқылы, В2 дәрумені, мыс, цинк жеткіліксіздігімен байланысты. А дәрумені ағзадағы темір қорының белсенділігін арттыруға көмектессе, В12 дәрумендері эритроциттердің толық дамып-өсуіне қажет. Цинк, мыс және фолий қышқылы гемоглобин синтезіне тікелей қатысады, ал аскорбин қышқылы темірдің органикалық емес түрлерінің сіңімділігін жоғарылатады.
Адам ағзасына ең қажетті бұл дәрумендердің барлығын сапалы, құнарлы тамақтан алуға болады. Сондықтан дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық!
Ардақ Абилов,
Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының аға фельдшері
Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының аға фельдшері