Отбасын жоспарлаудың мақсаты
Отбасын жоспарлау дегеніміз – өмірдің айырмас бір сәті. Екі жұптың дені сау баланы дүниеге әкелуі, оны өсіруі, саналы ұрпақты тәрбиелеуі. Мұнда терең ой, білім, саналылық, қоғамның дамуының бағыттары жатыр.
Баланы өмірге әкелуіді жоспарлауға 19-35 жас арасы, оңтайлы жас болып саналады. Мүмкүндігінше жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйел адам өзінің денсаулығын нығайтуға және болашақ әкелетін сәбидің денсаулығының мықты болуы мүмкіндігі артады Жүктілік арасының жиілігі немесе ұзақтығы әйел ағзасына да, өмірге келетін сәбидің болашағына да, өз әсерін тигізбей қоймайды.
Отбасыны жоспарлау қажет:
· Аяулы дені сау балаларды туу үшін
· Әйелдің денсаулығын сақтау үшін
· Отбасында психосексуалды қарым-қатынаста гармонияны жету үшін
· Өмір жоспарын жүзеге асыру үшін
· Өмір сапасын жақсарату үшін
Ең бірінші отбасын жоспарлау кезінде, екі жұптың саналы қабылданған шешімінен кейін, дайындық жүруі керек, ол екі жұптыңда зиянды әдеттерінен арылып, денсаулыққа қаупі бар кәсіптерінен шектеліп, дұрыс тамақтану ережелерін сақтап және болашақ сәбидегі туа біткен ақаулардың болуының алдын алу мақсатында, «фолиевая кислота» препаратын дәрігер тағайындауымен қабылдауы тиіс.
Отбасын жоспармен құрғанда, адамдар қалаған бала саны мен олардың арасындағы жас айырмашылығын сақтау, өздерінің өмір жоспарын жүзеге асыру үшін шешім қабылдайды. Оған контрацепция әдістерін қолдану таптырмас шешімнің бірі.
Қазіргі таңда контрацептия әдістерінің көптеген түрлері бар. Соның ішінде, ең тиімді және кең тараған түрі – жатыр ішілік спираль. Сонымен қатар, барьерлі контарцепция мүшеқаптар. Олар қалаусыз жүктіліктен сақтаумен бірге, жыныстық қатынас арқылы жұғатын түрлі аурулардан сақтайды.
Әрбір адамның өз отбасын жоспарлауы жеке мүддесі үшін екенін түсінуі маңызды мәселе. Жыныстық жетілген әрбір жанның отбасын жоспарлау әдістерін толық меңгеруі үшін құпиялық пен қауіпсіздікті сақтай отырып, оларды тиісті ақпараттармен және қызметтермен қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта, Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасында «отбасын жоспарлау» және «жас аналар» кабинеттері жұмыс жасайды.
Бала санын арттыру мен ұрпақ өрбітуде халықтың, әсіресе өскелең ұрпақ денсаулығын назарда ұстау Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас факторлары әрі мемлекет пен азаматтардың өзара сабақтасқан үрдісі.
ауруханасының» емхана бөлімінің акушері
Г.КАДЫРБАЕВА